Оралдағы әуежай уақытша жабылады

© Photo : Пресс-служба аэропорта Уральска Аэропорт имени Маншук Маметовой в Уральске
Аэропорт имени Маншук Маметовой в Уральске - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.09.2023
Жазылу
8-10 қазан күндері ұшу жолағы мен әуежай арасындағы ұшақтар жүретін жолдар жөнделеді
АСТАНА, 29 қыркүйек – Sputnik. Орал қаласындағы Мәншүк Мәметова атындағы Халықаралық әуежай жөндеу жұмыстарына байланысты уақытша жабылады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
8-10 қазан күндері ұшу жолағы мен әуежай арасындағы ұшақтар жүретін жолдар жөнделеді. Осыған байланысты әуе компаниялары Оралдан ұшатын және қалаға баратын рейстерді тоқтатуға шешім қабылдады. Олардың ішінде Air Astana да бар.
"Жолаушылар алдағы 14 күнге Орал қаласынан/Орал қаласына рейстерге билеттерді қайта брондай алады немесе құнын толық қайтара алады. Қосымша ақпарат алу үшін билеттерді сатып алу орны бойынша хабарласуларыңызды сұраймыз", - дейді компания мамандары.
Айта кетері, жақында Оралда шұғыл қонуға мәжбүр болған Turkish Airlines ұшағының бортында жасөспірім қыз қайтыс болды. Полиция депаратменті кәмелет жасқа толмаған қыздың өлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу шараларын бастады.
Жаңалықтар
0