Қарағандыдағы ұшақ апаты: қаза болғандар туралы ақпарат жарияланды

© Photo : Пресс-служба комитета гражданской авиации Генеральный директор Авиационной администрации Казахстана Каталин Раду провёл экстренное совещание Операционного центра по случаю авиапроисшествия
Генеральный директор Авиационной администрации Казахстана Каталин Раду провёл экстренное совещание Операционного центра по случаю авиапроисшествия - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.09.2023
Жазылу
АСТАНА, 30 қыркүйек – Sputnik. Азаматтық авиация комитеті ұшақ апатында қазақ тапқан екі адам туралы ақпаратты жарияланды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Ұшақ командирі тәжірибесі 1097 ұшу сағатын құрап отыр. Оған 2019 жылы 28 қарашада CPL (A) 000012 сертификаты берілді. Нұсқаушы ұшқыштың арнайы белгісі "КАМА" заңды тұлғалар бірлестігінде тіркелген. Мерзімі - 2025 жылға дейін.
Ал қаза тапқан екінші адам әуе қорғау күштері әскери институтының курсанты болған.
"Авиациялық оқу-жаттығу орталығы" ЖШС 2022 жылы 25 қарашада "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ берген АОО сертификаты негізінде авиациялық персоналды кәсіби даярлау қызметті жүзеге асырады.
Сертификаттық тексеру шаралары былтыр 21 қараша мен 25 қараша аралығында жүргізілді. Апаптқа ұшыраған UP-LA286 әуе кемесінің ұшуға жарамдылық сертификаты 2020 жылғы 4 маусымда берілді. Шығарылған жылы - 29.07.2011 жыл.
Авиациялық оқу-жаттығу орталығында 15 (11 ұшақ және 4 тікұшақ) әуе кемелері бар. Қазіргі кезде апат бойынша тергеу шаралары басталды.
Айта кетері, бүгін Қарағанды облысының Балапан алаңында оқу-жаттығу ұшуын жасап жүрген P2002 үлгісіндегі UPLA286 ұшағы апатқа ұшырады. Екі адам қаза тапты.
Жаңалықтар
0