ЕАЭО-да бірыңғай мұнай паспорты күшіне енді

© Sputnik / Иосиф Будневич / Медиабанкке өтуМұнайшы
Мұнайшы - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.10.2023
Жазылу
Еуразиялық экономикалық одақтың жаңартылған техникалық регламенті құжаттарды рәсімдеудің, сондай-ақ мұнайды сынау әдістерінің біркелкілігін қарастырады
АСТАНА, 29 қыркүйек – Sputnik. ЕАЭО-ның "Тасымалдауға және (немесе) пайдалануға дайындалған мұнай қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентіне енгізілген өзгерістер 30 қыркүйекте күшіне енді.
Мұндай шешімді 29 қыркүйекте Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесі қабылдады. Бұл туралы ЕЭК баспасөз қызметі хабарлады.
Техникалық регламентке өзгертулер енгізілді – мұнай паспортының бірыңғай формасымен, сондай-ақ осы паспортты толтыру ережесімен толықтырылды.
"Паспорттың формасына қатысты техникалық регламенттің жекелеген ережелері оның талаптарын біркелкі қолдану үшін нақтыланды", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар комиссия 29 қыркүйеккедейін берілген паспорт 2023 жылдың 1 қарашасына дейін жарамды екенін еске салды.
Комиссия өзгерістер Одақ аумағында мұнай өндіру және оны айналымға жіберу, оның ішінде құжаттаманы рәсімдеу кезінде бірыңғай әдістерді қалыптастыратынын атап өтті.
Жаңалықтар
0