Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Еуропа Украинаға қаржылай көмек бермейтін болды ма

© AFP 2024 / Kenzo TribouillardФлаги Украины и ЕС
Флаги Украины и ЕС - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.10.2023
Жазылу
Украина өз одақтастарының қаржылай қолдауынсыз қалатын секілді. АҚШ мемлекеттік төлемдерді тоқтатуды болдырмау үшін уақытша бюджет қабылдады. Алайда бұл құжатта Киевке көмек көрсету туралы айтылмаған, деп жазды РИА Новости.
Миллиардтаған долларды құрайтын жаңа көмекті күтіп отырған ұжымдық Киевке Еуропа да қаржылай қолдау көрсеетпейтінін жеткізді. Еуропалықтар қаржылай емес, саяси қолдау көрсетуге дайын екенін айтты. Осыған орай ЕО-ға мүше елдердің сыртқы саясат ведомстволарының басшылары Жозеп Боррельдің шақыруымен Украинаға аттанды.
Жоғары қауымдастық Ресейге бұрынғыдан да қатты қысым көрсету жолында бірлік пен табандылық танытуды ұйғарған болатын. Олар ондаған мың әскери қызметкерді, соның ішінде F-16 ұшқыштарын даярлау және қаржылай көмек ретінде бірінен кейін бірі жаңа транштарды жүзеге асырды. Бұл қаржылай көмектің көлемі бірнеше миллиардтан ондаған миллиардқа дейін жетті.
Бірақ қазіргі ахуал жағдайдың қаншалықты өзгергенін көрсетеді. Себебі небәрі бес миллиард доллар көлеміндегі қаржылай қолдауды мақұлдау мүмкін болмады.
"Бұл Киев үшін дабыл қағатын жағдай болмағанымен, одақтастарының қолдауы қаншалықты өзгеріп жатқанын айқын көрсететін алғашқы белгілер болып отыр. Америкалықтар Ресеймен қарсы күресте Украинаға бөлген қаражаттың қайтарылуы талап ететіні белгілі. Олар тіпті екі немесе үш еселеп қайтарылуы да ойластырып жатқан болар", - деп жазды мақала авторы.
Еуропалықтар нақты қандай шешім қабылдау керектігін білмей тұрған секілді. Ұжымдық Батыстың Ресейді тежеу әрекеттеріне қаржылай қолдауы туралы мәселе көтерілгенде олар абдырап қалды. Себебі, Еуропада Украинадағы әскери қимылдарға бағыттайтын бос жатқан қаражат таусылып қалды.
Еуропаның ақшасы таусылды. Өйткені халықаралық қатынастар бойынша сарапшы Анналена Бербоктың түрлі мәлімдемесіне қарамастан, Германиядағы химия өнеркәсібі күйреудің алдында тұр. Саланың құлдырау қарқыны екі таңбалы санмен бағаланып жатыр. Органикалық химия, бейорганикалық химия, фармацевтика – бәрі құлдырап барады.
Бұрын өнеркәсіптік әлеуеті аса күшті болмаған Францияда жағдай бұдан да күрделі. Инфляцияның үлкен болғаны соншалық, оны реттеу үшін кемінде жеті жыл, тіпті он жыл қажет.
Қазір Украинаға жарқын болашақ, тұрақты даму мен жеңіс туралы уәде беріп отырған еуропалық шенеуніктердің бәрі айтылғандар үшін өздеріне жауапкершілік жүктемейді. Брюссельдегі қазіргі басшылардың өкілеттігі келесі жылдың маусым айында аяқталады. Бұл саяси күнтізбе үшін іс жүзінде ертеңмен тең жақын болашақ.
Еуропалық азаматтардың өздері үшін мән-мағынасы жоқ мақсаттарға ақы төлеуден шаршағаны соншалық, олар Еуропарламент сайлауында берген дауыс нәтижесі бүгінгі онсыз да шайқалып тұрған бірліктен дым қалдырмауы мүмкін.
Бұл шындық. Ол шындықты қабылдау керек. Егер оны қабылдамаса, ауыр салдармен бәрібір қабылдауға мәжбүр болады.
"Бүкіл әлем алдында ұятты болып қалмас үшін Украинаның кейбір одақтастары қазірден бұл қолайсыз жағдайдың алдын алып жатыр. Сондықтан олар Киевке қаражат жоқ деген сылтау айтып отыр", - деп жазылған материалда.
Батыстың Ресейге қарсы бағытталған тежеу операциясында оның өз алдына қойған бірде-бір мәселесі жүзеге аспағаны да ықпал етіп отыр. Яғни, тактикалық та, стратегиялық та, саяси және экономикалық та мақсаттарына қол жеткізбеді.
Ресейде егеменді кез келген елге тән тыныштық және лайықты өсім көрсетіп отыр. Америкада ел ішінде күнде наразылықтар, бюджетке қатысты тартыстар және сайлау дүрбелеңі. Еуропа және Украинадағы қазіргі шынайылқты айтпаса да түсінікті.
Жаңалықтар
0