Қазақстанда 130 мыңнан астам адам SKILLS ENBEK платформасында оқыды

© Sputnik / Санат ИмангалиевКруглый стол "Тюркология в глобальном мире: связь России и тюркского мира", посвященный российско-казахстанским отношениям
Круглый стол Тюркология в глобальном мире: связь России и тюркского мира, посвященный российско-казахстанским отношениям - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.10.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 3 қазан - Sputnik. Қазақстанда биыл 130,4 мың азамат SKILLS.ENBEK.KZ платформасында оқыды, деп хабарлайды еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Олардың 36,6 мыңы - жұмыссыздар. Платформада жалпы 334 мың қазақстандық тіркелді.
"Оқудан өткен 36,6 мың жұмыссыз азаматтың 12,7 мыңға жуығы – негізінен Ақтөбе, Түркістан, Қызылорда облыстары және Шымкент қаласының жастары. Платформа іске қосылған сәттен бастап авторлар онда әртүрлі бағыт бойынша 235 курс жариялады, оның 177-сі тегін. Курстардың ұзақтығы 1-ден 72 сағатқа дейін", - дейді министрлік.
"Платформада әр түрлі мамандықтар бойынша сертификаттар алды. Әсіресе ақпараттық технологиялар, тұрақтау және тамақтану, қаржы және бухгалтерлік есеп саласында кәсіби дағдыларды дамыту үшін тегін курстар саны үнемі артып келеді", - дейді ведомство.
Оқу аяқталғаннан кейін білім алушы 70% шекті деңгеймен тестілеу тапсыруы тиіс. Онлайн курсты сәтті аяқтаған жағдайда сертификат беріледі.
Жаңалықтар
0