Қоғам

Air Astana Тель-Авив рейстеріне билет сатуды уақытша тоқтатты

© Photo : Авиакомпания Air AstanaАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.10.2023
Жазылу
Рейстердің тоқтауы Израильдегі жағдаймен байланысты
АСТАНА, 7 қазан – Sputnik. Израильдегі тұрақсыз жағдайға байланысты Air Astana әуе компаниясы Тель-Авивке барлық рейсті уақытша тоқтатты, деп хабарлайды әуе компаниясының баспасөз қызметі.
"Тель-Авивке кесте бойынша ертеңге жоспарланған рейс Бен-Гурион әуежайының қауіпсіздігі сақталған жағдайда ғана орындалады. Ал одан кейінгі барлық рейс қосымша хабарландыруға дейін тоқтатылды", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ Air Astana Тель-Авив рейстеріне билет сатуды уақытша тоқтатты. Билеттерді күні бұрын сатып алған, бірақ Израильдегі жағдайға байланысты сапарынан бас тартқысы келетін жолаушылар оны кері қайтара алады.
Әуе компаниясы Израильдегі жағдайды мұқият бақылайтынын атап өтті. Жолаушылар рейстердің мәртебесін компания сайтынан біле алады. Ал билетті қайтару мәселесі бойынша мына сілтемеге өтуді сұрады.
Бүгін Израильге Газа секторынан зымыраннан ондаған соққы жасалды. Шекаралас аудандарға содырлар басып кірген. Израиль армиясы соғысқа дайындық режимі туралы жариялады.
Жаңалықтар
0