Израильдегі қазақстандықтарды алып қайтатын рейс Тель-Авивке ұшып кетті

© Photo : Пресс-служба Air AstanaAir Astana выполняет вывозной рейс из Тель-Авива в Алматы
Air Astana выполняет вывозной рейс  из Тель-Авива в Алматы
 - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.10.2023
Жазылу
АСТАНА, 10 қазан – Sputnik. Тель Авивтен қазақстандықтарды алып қайтатын Air Astana ұшағы Астана уақытымен бүгін таңғы 08.00 кезінде Алматыдан ұшып кетті, деп хабарлайды әуе компаниясының баспасөз қызметі.
Қазақстандықтарды мінгізіп, кері қайтатын рейс жергілікті уақытпен бүгін түнгі 23.45 шамасында Алматыға қонады.
Еске сала кетейік, кеше Қазақстанның Израильдегі өз азаматтарын эвакуациялайтынын хабарлаған едік.
Эйр Астана ұшағы - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.10.2023
Air Astana Тель-Авивке барып қайтқысы келетін жолаушылар үшін балама нұсқа іздеп жатыр
Жаңалықтар
0