Қоғам

Қай мемлекетті мекен етсе де, қазақтың бір ғана тарихи Отаны бар – Тоқаев

Қасым-Жомарт Тоқаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.10.2023
Жазылу
Президент мемлекет шетелде тұратын қазақтарды қолдауға қашанда баса мән беретінін атап өтті
АСТАНА, 11 қазан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Отандастар" форумына қатысушыларға үндеу жолдады, деп хабарлайды Ақорда.
Тоқаев жиынға қатысушыларды "Отандастар" форумының ашылуымен құттықтады.
"Бұл – халқымыз үшін айрықша мәні бар басқосу. Қазақта "Келісіп пішкен тон келте болмас" деген сөз бар. Ата-бабамыз қашанда елдік мәселелерді алқалы жиында ақылдасып шешкен. Осы орайда шетелдегі қазақтармен жан-жақты байланысты нығайту, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және басқа да өзекті мәселелерді өздеріңізбен бірге талқылаудың маңызы зор. Қай мемлекетті мекен етсе де, қазақтың бір ғана тарихи Отаны бар, ол – Қазақстан. Сондықтан біз шетелде тұратын бауырларымызды қолдауға қашанда баса мән береміз. Олардың Атажұртқа қоныс аударуына барлық жағдай жасалған", - деді президент.
Айтуынша, Қазақстан азаматтығын және қандас мәртебесін алу тәртібі жеңілдетілді. Шетелдегі қазақ кәсіпкерлері үшін "Ата жолы" картасы енгізілді. Басқа да маңызды жұмыстар атқарылып жатыр.
"Қандастармен қарым-қатынасты дамыта түсуге бағытталған осындай шаралар жалғаса береді", – деді мемлекет басшысы.
Тоқаев жиынға әлемнің әр түкпірінен арнайы келген қандастарымыз бен мәртебелі меймандарға алғыс айтып, аталған басқосуда алыстағы ағайынмен байланысты нығайтуға септігін тигізетін салиқалы ой, салмақты пікірлер айтылатынына сенім білдірді.
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.09.2023
Дерекқор
Отбасының әрбір мүшесіне – 241 мың теңге: қандастарға қандай көмек көрсетіледі
Жаңалықтар
0