Қазақстанда "қандас" мәртебесін алуды жеңілдететін "Kutty Meken" қосымшасы іске қосылды

© Pixabay / Bryan Santos Мобильный телефон
Мобильный телефон - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.10.2023
Жазылу
Мобильді қосымшаның көмегімен шетелде жүрген этникалық қазақтар өздері тұрған елдің аумағынан шықпай-ақ "қандас" мәртебесін алуға өтініш бере алады.
АСТАНА, 11 қазан – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен туризм және спорт министрлігі этникалық қазақтардың "қандас" мәртебесін алуға өтініш беру процесін жеңілдету үшін "eQonaq" ақпараттық жүйесі негізінде құрылған "Kutty meken" бірлескен жобасын іске қосты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Kutty meken" – этникалық қазақтарға қандас мәртебесін беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған мобильді қосымша.
Мобильді қосымшаның функционалы мемлекеттік қызмет көрсету процесін едәуір жеңілдетеді. Оның көмегімен шетелде жүрген этникалық қазақтар өздері тұрған елдің аумағынан шықпай-ақ "қандас" мәртебесін алуға өтініш бере алады.
"Kutty meken" жобасын іске асыру уақытты үнемдеуге және құжаттармен жұмыс істеу процесін жеңілдетуге мүмкіндік береді.
Аталған қосымшаны пайдалану үшін Android және IOS қолданушылары Play Market және App Store-дан жүктеп алуына болады.
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.05.2023
Қоғам
Жұмыс орнынан анықтаманы онлайн алуға болады – мобильді қосымша іске қосылды
Жаңалықтар
0