Путин Қытай телеарнасына берген сұхбатта не туралы айтты

© Sputnik / Mikhail Klimentyev / Медиабанкке өтуПрезидент РФ Владимир Путин проводит совещание в режиме видеоконференции. Архивное фото
Президент РФ Владимир Путин проводит совещание в режиме видеоконференции. Архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.10.2023
Жазылу
АСТАНА, 16 қазан – Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин Қытайдың Медиакорпорациясына берген сұхбатында Ресей мен Қытай арасындағы қарым-қатынастан бөлек халықаралық мәселелерге де тоқталды, деп жазды РИА Новости.
Ресей президенті Владимир Путин "Бір белдеу – бір жол" бастамасы аясындағы ЕАЭО мен Қытай арасындағы ынтымақтастық бойынша Ресей министрлер кабинетінің ұсыныстарымен танысқанын және бұл ынтымақтастықтан жақсы үміт күтетінін, ұсыныстарда тараптар алдағы ондаған жылдар бойы жұмыс істей алатын жобалар бар екенін айтты.
"Бізде бірлескен жобалар бар. Бұл туралы айтуға әлі ерте болуы мүмкін. Бірақ келісім-шарттарға қол қойылып, экономикалық іс-қимылға қатысушылар арасында жаңа байланыстар орнатылатынына, тікелей жұмыс істейтін үкімет басшылары мен түрлі министрліктер мен ведомстволардың басшылары кездесетініне сенімдімін", - деді ол Қытай Медиакорпорациясына берген сұхбатында.
Владимир Путин ЕАЭО елдері "Бір белдеу – бір жол" бастамасы аясында Қытаймен бірлескен жұмыс барысында қазірдің өзінде 24 миллиард доллар инвестиция қамтамасыз еткеніне және өзара тиімді жобалардың саны артып жатқанын айтты.
"Еуразиялық экономикалық одақ елдері осы "Бір белдеу – бір жол" бастамасы аясындағы бірлескен жұмыс барысында қазірдің өзінде 24 миллиард доллар инвестиция құйып үлгерді. Бірақ бұл көлем өсіп келеді. Өйткені екі жаққа да тиімді жобалардың саны артып жатыр. Олар Қытай Халық Республикасына да тиімді. Өйткені Қытай да осы жобаларды жүзеге асырудан өнім алады, жақсырақ әрі кеңірек даму үшін жағдайға қол жеткізеді. Мұның бәрі өзара тиімділік негізінде жасалып жатыр", - деді Путин.
Ресей президенті БРИКС-ке мүше барлық елдің даму әлеуетінің, оның ішінде экономикасы өскені анық, деп мәлімдеді.
Ол БРИКС-тің кеңею процесі көпполярлы әлемді құруға негізделгенін айтты. Путиннің айтуынша, бұл көптеген елдердің, соның ішінде, Қытай мен Үндістан әлеуетінің артуына байланысты.
"Индонезия, көптеген басқа елдер, Латын Америкасында Бразилия өсіп жатыр. Ресей аяғына тұрып, күшейіп келеді. Біздің барлық елде өз проблемалары бар. Проблема барлығында әрқашан бар және бола береді. Әңгіме ол туралы емес, мәселе өсуде, оның ішінде экономикалық салада да айқын байқалады", - деді Путин.
Ол Йоханнесбургтегі саммит кезінде G7 елдері мен БРИКС елдерінің экономикаларындағы арақатынас сатып алу қабілетінің паритеті бойынша БРИКС-тің пайдасында болғанын мәлімдеді.
"БРИКС-ке тағы алты мемлекет қосылғаннан кейін бұл арақатынас БРИКС елдерінің пайдасына одан да арта түсті. Бұл көпполярлы әлемді қалыптастырудың объективті процесінің көрінісі", - деді Ресей президенті.
Сонымен қатар Владимир Путин көпполярлы әлемді құру процесін бәсеңдетуге тырысқандар оны баяулатқанымен, көпполярлы әлемнің құрылуы сөзсіз екенін айтты.
"Біз бұл процесті тездете аламыз. Біреулер оны бәсеңдетуге тырысуы мүмкін оның қарқынын біршама төмендетуі де мүмкін. Бірақ көпполярлы әлемнің құрылуы сөзсіз. Бұл өздігінен болады", - деді Путин.
Бір елдің қауіпсіздігін басқалардың қауіпсіздігіне нұқсан келтіру негізінде құруға болмайды, деді Ресей президенті.
"Бір мемлекеттің қауіпсіздігін басқалардың қауіпсіздігіне нұқсан келтіру негізінде құруға болмайды. Қауіпсіздік барлығы үшін бірдей болуы керек", - деді Владимир Путин Қытайға сапары қарсаңында Қытай орталық телеарнасына берген сұхбатында.
Сонымен қатар Ресей президенті энергия көздеріне қатысты барлық шешім дамушы елдердегі адамдар аштықтан зардап шекпейтін теңгерімді болуы керек екенін де айтты.
"Қоршаған орта үшін күрес, климаттың өзгеруімен күрес өте маңызды сала. Бірақ бұл жалғыз бағыт емес. Мысалы, кедейшілікпен күрес сияқты мақсатты да ұмытпауымыз керек. Африка елдеріндегі адамдарға сіздер мұнай және мұнай өнімдерін ала алмайсыздар, тек қана жаңартылатын энергия көздеріне, яғни, желдің, күннің және тағы басқа қуат көздеріне назар аударуға тура келеді деп қалай айтасыз? Олар дамушы экономикалар үшін негізінен қолжетімсіз. Сондықтан адамдар аштықтан зардап шегуі керек пе? Барлығы теңдестірілген болуы керек, барлық шешімдер теңгерімді болуы керек", - деді Путин.
Жаңалықтар
0