Қазақстандықтардың қарызы кешірілуі мүмкін: мәжіліс заң жобасын мақұлдады

© Sputnik / Санат ИмангалиевПленарное заседание в мажилисе парламента Казахстана
Пленарное заседание в мажилисе парламента Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.10.2023
Жазылу
Негізгі заң жобасы аясында балаларға Ұлттық қордың табысынан аударылатын нысаналы жинақтарды салықтан босату ұсынылған
АСТАНА, 18 қазан – Sputnik. Жеке тұлғалардың проблемалық микрокредиттерін кешірген микроқаржы ұйымдарының кірістеріне үш жыл бойы салық салынбайды. Парламент мәжілісі тиісті түзету көзделген заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Мәжілісте депутаттардың бастамасымен әзірленген Cалық кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі және оған ілеспе салық салу мәселелері бойынша заң жобалары қаралды.
Мәжілісмен Мәди Такиевтің айтуынша, заң жобаларының негізгі нормалары президенттің кейбір тапсырмаларын және Конституциялық соттың шешімдерін жүзеге асыруды заңнамалық тұрғыда қамтамасыз етуге бағытталған.
"Бүгінгі күні баршамызды толғандырып жүрген өзекті мәселелердің бірі халықтың шамадан тыс кредит алуын азайту үшін жеке тұлғалардың берешегі микроқаржылық ұйымдармен, коллекторлық агенттіктермен кешірілген кезде қалыптасатын кірістерді салық салудан босату көзделіп отыр. Жеке тұлғалардың проблемалық микрокредиттері есептен шығарылуына байланысты микроқаржы ұйымдарының кірістерін салық салудан уақытша, яғни үш жылға босату қарастырылған", - деді Такиев төменгі палатаның отырысында.
Негізгі заң жобасы аясында балаларға Ұлттық қордың табысынан аударылатын нысаналы жинақтарды салықтан босату ұсынылған.
Сондай-ақ еліміздің азаматтары мен заңды тұлғалары сотқа жүгінгенде айқындалған мемлекеттік бажды төлеуге мүмкіндігі болмаған жағдайда, конституциялық құқығын толық пайдалануын қамтамасыз ету үшін осы төлемді кейінге қалдыру тетіктері көзделіп отыр.
Екінші деңгейлі банктердің Ұлттық банк ноталары бойынша салық салынатын кірісін азайтуға мүмкіндік беретін құқығын алып тастау жоспарлануда.
"Мұндай қадам оларды бос қаражаттары есебінен экономиканың нақты секторын, соның ішінде бизнесті кредиттеуге бағыттайды деген сеніммен жасалып отыр", - дейді мәжілісмен.
Бұған қоса барлық арнайы экономикалық аймақтың тиімділігін арттыру мақсатында олардың қатысушыларына салықтық жеңілдіктер берудің сараланған тәсілін енгізу ұсынылады.
Одан бөлек, ЕАЭО аясында алкоголь және темекі өнімдеріне акциздердің ставкаларын кезең-кезеңімен арттыру жұмысы аясында сыра қайнату өнімдеріне акциз ставкаларын литріне 79 теңгеден 90 теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр.
Сонымен қатар, салықтық әкімшілендіруге қатысты қолданыстағы Салық кодексінің кейбір нормалары нақтыланды. Оның ішінде жеке тұлғалардың кірістері мен мүліктерін жалпыға бірдей декларациялау науқанының алғашқы екі кезеңінің өту нәтижелерін ескере отырып, алдағы декларациялау үрдісіне біраз жеңілдіктер енгізіледі.
Мәжіліс депутаттары заң жобаларын бірінші оқылымда мақұлдады.
Фронт-офис в Сарыаркинском районном суде Астаны - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.10.2023
"Қарызсыз қоғам": Қазақстандықтардың кредит алмауына көмектесетін кеңселер ашылады
Жаңалықтар
0