Тараз әкімдігінің бөлім басшысы мен қызметкері мемлекетке 121 млн теңге залал келтірді

© Sputnik / Абзал КалиевҚылмыстық іс
Қылмыстық іс - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.10.2023
Жазылу
Лауазымды тұлғалар 3,56 гектар ауыл шаруашылығы жерін заңсыз тәркілеп, оны коммерциялық мақсаттағы 3,56 гектар екі жер теліміне айырбастаған
АЛМАТЫ, 18қазан – Sputnik. Тараз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің басшысы және бұрынғы сектор меңгерушісі сотталды, деп хабарлады Жамбыл облысының прокуратурасы.
Қылмыстық іс Тараз қаласы №2 сотында қаралды.
"Тараз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің басшысы және бұрынғы сектор меңгерушісі лауазымдық міндеттерін асыра пайдаланған. Лауазымды тұлғалар 3,56 гектар ауыл шаруашылығы жерін заңсыз тәркілеп, оны коммерциялық мақсаттағы 3,56 гектар екі жер теліміне айырбастаған", - деп жазылған ведомство хабарламасында.
Прокуратураның мәліметінше, мемлекет бюджетіне 121 млн теңгеден астам сомаға залал келтірілген.
"Коммерциялық мақсаттағы екі учаскеде 14 шағын аудан орналасқан және оларды аукционда сату жергілікті бюджетке табыс әкелетін еді. Бірақ мемлекеттің орнына жеке адамдар пайда тапты: яғни, ауданы 1,3 гектар болатын бір учаске автосалонға 93 млн теңгеге сатылған", - дейді прокуратура.
Сот жер қатынастары бөлімінің басшысы мен сектор меңгерушісін ҚР ҚК 361-бабы "Лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану" бойынша 4 жылға бас бостандығынан айыру туралы шешім шығарды. Олар енді өмір бойына мемлекеттік қызмет атқара алмайды. Ал жер учаскелері сот шешімімен мемлекеттік қорға қайтарылды.
Жаңалықтар
0