Павлодар облысында 6 млрд теңгеге мемлекеттік сатып алу шарты заңсыз жасалған

© Photo : пресс-служба сената парламента КазахстанаАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.10.2023
Жазылу
Павлодар қаласы әкімдігі құрылыс бөлімінің басшысы әкімшілік жауапкершілікке тартылды
АЛМАТЫ, 19 қазан – Sputnik. Павлодар облысында 11 мемлекеттік сатып алу заңсыз шарты деп танылды, деп хабарлайды облыстық прокуратура.
"Павлодар облысында мемлекеттік сатып алудың бәсекеге қабілетті емес тәсілімен жеткізушілер таңдалған. "Еңбек-Өскемен" РМК филиалымен және "ҚазҚұрылысСервис" ЖШС-мен бір көзден негізсіз жасалған шарттардың жалпы сомасы 6 млрд теңгені құрады", - деп жазылған хабарламада.
Павлодар облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен 11 шарт жарамсыз деп танылды.
Сонымен қатар Павлодар қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімінің басшысы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 207-бабы "Мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы бұзу" бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.07.2023
Елорда тынысы
Мемлекеттік сатып алу саласында 3,9 млрд теңгеге заңбұзушылықтар анықталды
Жаңалықтар
0