Қазақстан мен Оңтүстік Корея 5 жаңа жобаны жүзеге асырады

© пресс-служба премьер-министра КазахстанаӘлихан Смайылов пен Ан Док Гын
Әлихан Смайылов пен Ан Док Гын  - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.10.2023
Жазылу
Кейінгі 18 жылда Қазақстанға Оңтүстік Кореядан $9,2 млрд-қа жуық инвестиция тартылған
АСТАНА, 24 қазан – Sputnik. Қазақстанның премьер-министрі Әлихан Смайылов пен Оңтүстік Кореяның сауда министрі Ан Док Гын құны $1,5 млрд-тық жаңа бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
"Бүгінде жалпы құны $1,5 млрд болатын 5 жоба жүзеге асыруға дайын және жалпы құны шамамен $500 млн-дық тағы 25 перспективалық жоба әзірленуде. Айқын мысал ретінде, Қостанайдағы жылына 70 мың автокөлік өндіруге қуаты бар, инвестиция көлемі $190 млн жаңа ірі KIA зауытының құрылысын атауға болады", — деді Әлихан Смайылов.
Смайылов былтыр тауар айналымы 2,3 есе өсіп, $6,1 млрд-тан асқанын, ал биылғы жылдың 8 айында тағы 11%-ға артқанын атап өтті.
Сондай-ақ ол Оңтүстік Корея еліміздің экономикасындағы ірі инвесторлардың топ-10-дығының қатарында екенін еске салды. Атап айтқанда, кейінгі18 жылда Қазақстанға $9,2 млрд-қа жуық инвестиция тартылған. Ал былтыр Кореядан келген тікелей инвестицияның жалпы көлемі 85%-ға өсіп, жаңа рекордтық – $1,5 млрд-қа жетті.
Премьер-Министрдің сөзінше, қазіргі уақытта елімізде 700-ден астам кореялық кәсіпорын жұмыс істейді, олардың ішіндегі ірі компаниялар – KIA, Hyundai, Samsung және LG.
Ал Ан Док Гын Оңтүстік Корея Қазақстанмен экономиканың әртүрлі саласы бойынша белсенді технологиялық ынтымақтастыққа дайын екенін атап өтті.
Жаңалықтар
0