Ресейде мигранттар жасаған қылмыс саны өсіп келеді - РФ ІІМ

© Sputnik / Тимур БатыршинМинистр внутренних дел РФ Владимир Колокольцев
Министр внутренних дел РФ Владимир Колокольцев - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.10.2023
Жазылу
АСТАНА, 24 қазан - Sputnik. 2021 жылдан бері Ресей Федерациясындағы шетелдіктер саны азайғанымен, олар жасаған қылмыс көрсеткіші өсіп келеді, дейді РФ ІІМ басшысы Колокольцев.
Ресей әлемде мигранттар саны бойынша төртінші орында тұр. Сондықтан олардың құқытық тәртібі өзекті мәселе болып отыр, деді министр.
Өткен жылдың қорытындысы бойынша, еңбек мигранттары 4 млн адамға толықты. Жуықта жаңа заң күшіне енеді, заңда азаматтықты қайтарып алуға себеп болатын қылмыс тізімі көбейді.
Өзге ел азаматтары жасаған қылмыстың әрбір төртіншісі есірткі бизнесімен байланысты. Осыдан екі жыл бұрын бұл көрсеткіш әрбір сегізінші қылмыс еді. Өзге қылмыстар арасында: бопсалау, адам ұрлау, жол-көлік оқиғасы бар.
Елге кіруге тыйым салынған жүздеген мигрант Ресейге аты-жөнін өзгертіп, жалған некеге тұрады, орыс тілінен өтірік сынақ тапсырады.
"Біздің елдің қонақтарға әрқашан құшағы ашық. Алайда олар өз әдеттерінен заңның жоғары екенін түсініп, елдегі тәртіпке бағынуға, дәстүр мен құндылықтарды сыйлауға тиіс", - деді министр.
Жаңалықтар
0