Тоқаев: Қазақстанның алдында бұрын-соңды болмаған жаңа сын-қатерлер тұр

© Sputnik / Владислав ВодневБәйтерек монументі
Бәйтерек монументі - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.10.2023
Жазылу
Президент бейбітшілік еліміздің басты байлығы екенін, оның қадіріне жетіп, бағалай білубәрімізге ортақ парыз екенін атап өтті
АЛМАТЫ, 24 қазан – Sputnik. Еліміздегі тұрақтылықты сақтауымыз қажет. Себебі, тыныштық болмаса, басқаның бәрі бекер. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар мен сыйлықтар тапсыруға арналған салтанатты рәсімде айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Қазақстанның алдында бұрын-соңды болмаған жаңа сын-қатерлер тұр. Осы күрделі кезеңде мемлекетіміздің орнықты дамуы өте маңызды. Біз болашаққа сеніммен қараған біртұтас Қазақ елін күллі әлемге танытуымыз керек", - деді президент.
Оның айтуынша, Егемендікке қол жеткізу оңай емес, ал оны сақтап тұру тіпті қиын. Шын мәнінде, Тәуелсіздік – бәрінен қымбат. Тәуелсіздікті сақтау бұл – ең алдымен, тұтас ұлттың жауапкершілігі, деді ол.
"Біз егемендікті тынымсыз еңбекпен, мызғымас бірлікпен күн сайын қорғауымыз керек. Ең бастысы, еліміздегі тұрақтылықты сақтауымыз қажет. Себебі, тыныштық болмаса, басқаның бәрі бекер", - деді Тоқаев.
Қазіргі күні күрделі ахуал Қазақстан ғана емес, әлемді алаңдатып тұр. Алайда беделді халықаралық сарапшылар Қазақстанды бейбітшіліктің бесігі деп атайды.
"Қазір біз аймақтың мәдени-рухани орталығына айналдық. Биыл шетелдің өнер ұжымдары елімізде 200-ден астам мәдени іс-шара өткізді. Бұл – тұрақтылықтың, тыныштықтың айқын көрінісі. Мұны басқаларға үлгі-өнеге деуге болады. Ал тұрақсыздық жайлаған елге ешкім ұмтыла қоймасы анық", - деді мемлекет басшысы.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар мен сыйлықтар тапсыруға арналған салтанатты рәсімге қатысты - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.10.2023
Қоғам
Жетістіктермен бірге қателіктер де болды, оны ұмытпаған жөн – президент
Жаңалықтар
0