Пара Азиада: ел қоржынына жетінші алтын түсті

© Туризм және спорт министрлігі Диас Кенжебек жүзуден жеңімпаз атанды
 Диас Кенжебек жүзуден жеңімпаз атанды - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.10.2023
Жазылу
АСТАНА, 26 қазан – Sputnik. Қазақстандық спортшы Диас Кенжебек жүзуден алтын медаль иегері атанды.
Ол 100 м қашықтықты 1:05:42-де жүзіп өтіп, Азия және Азия пара ойындарының рекордын жаңартты.
"Азиадада Қазақстан құрамасы дәстүрлі түрде осы спорт түрінен өте жақсы нәтиже көрсетіп келеді және бүгінгі жетістік-осының жарқын дәлелі. Команданың жаттықтырушылар штабына ерекше алғыс айтамын. Ел сіздің еңбегіңізді мақтан тұтады!"- деді туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.
Бұған дейін ел қоржынына алты алтын түскен еді.
Жаңалықтар
0