"Жасыл" сутегі Қазақстаннан Еуропаға Құрық порты арқылы жеткізіледі

© Photo : Пресс-служба министерства обороны Казахстана Архивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.10.2023
Жазылу
Тиісті келісімге немістердің Hyrasia One және қазақстандық Semurg Invest қол қойды
АСТАНА, 26 қазан – Sputnik. Брюссельде Global Gateway форумына қатысу шеңберінде немістердің Hyrasia One және қазақстандық Semurg Invest компаниялары Каспий теңізінің шығыс жағалауындағы Құрық портындағы "Саржа" теңіз терминалы арқылы "жасыл" (экологиялық қауіпсіз) сутегін экспорттау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.
Қол қоюға Қазақстанның көлік министрі Марат Қарабаев, Hyrasia One бас директоры Вольфанг Кропп және "Semurg Invest" ЖШС бас директоры Нұржан Марабаев қатысты, деп хабарлады көлік министрлігінің баспасөз қызметі.
"Немістердің Hyrasia one компаниясы Қазақстанда қуаттылығы 40 Г/Вт болатын "жасыл" сутегін өндіру жобасын жүзеге асырады. Қазір компания "жасыл" сутегін Еуропа елдеріне тасымалдау міндетін алға қойып отыр. Қазақстандық Semurg Invest компаниясы негізгі тасымалдаушы ретінде әрекет етеді. Келісім бойынша жыл сайын 2 миллион тонна "жасыл" сутегі өндіріледі, егер аммиак түрінде болса, онда ол 11 миллион тонна болады деп қарастырылған", - деді министр.
Қарабаевтың айтуынша, қол қойылған Келісімге сәйкес, қазақстандық компания Еуропаға "жасыл" сутегін тасымалдауға айрықша құқыққа ие болады.
Hyrasia One бас директоры Вольфганг Кропптың айтуынша, бұл бағыт жылына 11 миллион тоннаға дейін жүк тасымалдауға қабілетті.
Жаңалықтар
0