Өңірлер

Министр Көкшетау тұрғындарынан нашар интернет үшін кешірім сұрады

© Sputnik / Владислав ВодневБағдат Мусин
Бағдат Мусин - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.10.2023
Жазылу
Қала тұрғындары министрден кешкі уақытта интернет неге әлсірейді деп сұраған
АСТАНА, 28 қазан – Sputnik. Қазақстанның цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Ақмола облысының тұрғындарымен кездесуде өңірде интернетке қатысты проблемалар бар екенін мойындады.
Ол ұлттық жобаны жүзеге асыру жоспарларына тоқталды. Мысалы, 2027 жылға дейін ауылдарды сапалы интернетпен қамтамасыз етуге уәде беріліп отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Ұлттық жоба аясында 2027 жылға дейін ауыл-аймақтарды сапалы интернетпен жабдықтауды жоспарлап отырғанымен, тұрғындар Көкшетау қаласының бірқатар ықшам ауданында интернетке қатысты күрделі мәселелердің бар екенін айтты. Олардың қатарында Сарыарқа, Застанционный кенті, Элеватор ауданы және тағы басқалары бар.
"Интернет жұмысында белгілі бір проблемалар бар. Мен мұны мойындаймын және кешірім сұраймын. Бірақ біз алға жылжып жатырмыз", - деді министр.
Сонымен қатар, ол пандемия интернетті пайдалану үшін күшті серпін тудырғанын атап өтті.
"Тұтынушылардың екі жүз пайызға өсуі тіркелді. Сол кезеңде видеоконтенті бар жаңа сервистер танымал болды", - деп түсіндірді Мусин.
Қала тұрғындары кешкі уақытта интернет неге әлсірейді деп сұрады. Министр кешке адамдар интернетті белсендірек пайдаланып, фильмдер көріп, сол арқылы желіні шамадан тыс жүктейтінін айтты.
"Біз бұл мәселені шешу үшін интернет мүмкіндігін кеңейтуді жоспарлап отырмыз", - деп сендірді спикер.
Сондай-ақ кездесу барысында көкшетаулықтар қалалық автобустарда QR-код арқылы төлем қашан пайда болатынын сұрады. Азаматтар әлі күнге дейін қоғамдық көлікте жол ақысын Kokshe Bus Tolem картасы, банк картасы немесе қолма-қол ақша арқылы төлейді.
Бірінші және екінші әдіс аздап үнемдеуге мүмкіндік береді (100 теңге), қолма-қол ақшамен жол жүру құны 180 теңге. Бірақ Bus Tolem жүйесіне төлем түсуіне бір күн кетеді, бұл ыңғайсыз, деп шағымданды тұрғындар.
"Облыс әкімінің орынбасары екеуміз картаға төлем лезде аударылуы туралы шешім қабылдадық. Дегенмен QR-кодтарға көшу керек. Мұндағы көлік желісіне банктік төлем әдістерін енгізу керек", - деді министр.
Мемлекет басшысы SpaceX компаниясының Starlink мәселелері жөніндегі вице-президенті Лорен Дрейермен кездесті - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.10.2023
Қоғам
Қазақстанның шалғай ауылдары StarLink арқылы интернетке қосылады
Жаңалықтар
0