Костенко атындағы шахтадағы апат туралы фильм көрсетіледі

© Photo : http://kazminerals.infoШахта
Шахта - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.10.2023
Жазылу
АСТАНА, 29 қазан – Sputnik. Қазақстан президентінің телерадиокешені Қарағанды ​​облысындағы шахтадағы қайғылы оқиғаға арналған "Ажал ошағы" атты деректі фильм көрсетеді.
Фильм жексенбі, 29 қазанда отандық телеарналарда мына уақыттарда көрсетіледі:
"Turkistan" - 17:40
"Хабар 24" - 18:15;
"Еуразия" бірінші арнасы - 18:15;
"Жетісу" - 18:45
"Almaty TV" - 18:55;
"31" арна - 19:00;
"Jibek Joly" – 20:30;
"КТК" - 20:30;
"Аstana TV" - 20:42;
"МИР" - 21:00;
"7 арна" - 21:50.
Қарағанды ​​облысындағы "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының Костенко атындағы шахтасында 28 қазан күні сағат 02:33-те жарылыс болды. Апат кезінде 252 адам жер астында болса, кейіннен 205 кенші жер бетіне шығарылды. 38 адамның мәйіті табылды.
Шахтадағы апаттың алдын ала себептері – өрт және одан кейінгі метан-ауа қоспасының жарылуы, деп хабарлады Қарағанды ​​облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін премьер-министрдің басшылығымен үкіметтік комиссия құрылды.
Қайғылы оқиғаға байланысты 29 қазан жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.
Жаңалықтар
0