Қаза тапқан 17 кеншінің отбасына әлеуметтік төлем тағайындалды

© Sputnik / Владимир Песня / Медиабанкке өтуАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.11.2023
Жазылу
Республикалық бюджет қаражаты есебінен асыраушысынан айырылғандарға мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы беріледі
АЛМАТЫ, 2 қараша – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры Костенко шахтасындағы апаттан қаза тапқан 17 кеншінің балаларына жәрдемақы мен төлем тағайындады, деп хабарлайды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Қайтыс болған 46 кеншінің 21-інің қамқорлығындағыларға әлеуметтік қолдау көрсетіледі.
"Республикалық бюджет қаражаты есебінен асыраушысынан айырылғандарға мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы беріледі. Осы жәрдемақының мөлшері қайтыс болған адамның асырауындағы адамдардың санына қарай айқындалады және олардың ай сайынғы мөлшері 1 балаға 37 322 теңге, 5 балаға 111 560 теңге болады", - дейді министрлік.
Жәрдемақының бұл түрі 8 жасқа дейінгі бала күтімімен отырған, жұмыс істемейтін аналарға да тағайындалды.
Ал мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қаражаты есебінен асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем төленеді.
"Бұл төлемнің мөлшері қайтыс болған адамның табысы мен оның әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтілі негізінде анықталады. Төлемдер мөлшері айына 56 мың теңгеден 272 мың теңгеге дейінгі аралықты құрайды. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша төлемдер балалар 18 жасқа толғанға дейін, ал жоғары оқу орындарында күндізгі бөлімде оқыған жағдайда 23 жасқа дейін төленеді", - дейді ведомство.
Айта кету керек, жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер қайтыс болу туралы куәлік негізінде тағайындалады.
Жаңалықтар
0