Смайылов Түркия мен Қырғызстан президенттерін қарсы алды

© Photo : Пресс-служба правительства КазахстанаПрезидент Турции Эрдоган прибыл на саммит ОТГ в Астану
Президент Турции Эрдоган прибыл на саммит ОТГ в Астану - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.11.2023
Жазылу
Мәртебелі меймандар Түркі мемлекеттері ұйымының 10-шы саммитіне қатысады
АСТАНА, 2 қараша – Sputnik. Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған мен Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Түркі мемлекеттері ұйымының 10-шы саммитіне қатысу үшін Астанаға келді, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
Мәртебелі меймандарды елорда әуежайында премьер-министрі Әлихан Смайылов қарсы алды.
Естеріңізге сала кетейік, 3 қарашада Түркі мемлекеттері ұйымының мерейтойлық саммиті өтеді. Оған ТМҰ-ге мүше Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан мемлекеттерінің президенттері, сондай-ақ бақылаушы мемлекеттер – Мажарстан мен Түрікменстанның басшылары қатысады.
Ильхам Әлиев - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.11.2023
Ильхам Әлиев Астанаға келді
Жаңалықтар
0