2030 жылға дейінгі агроөнеркәсіпті дамытудың негізгі бағыттары айқындалды

© Sputnik / Абзал КалиевАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.11.2023
Жазылу
Су үнемдеу технологиялары қолданылатын жерлердің аумағы жылына 150 мың гектарға дейін ұлғайтылады
АСТАНА, 4 қараша – Sputnik. Қазақстан фермерлерінің республикалық қауымдастығында АӨК-ті дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы талқыланды, деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров құжаттың бірнеше негізгі бағытын атап өтті:
өсімдік шаруашылығында егіс алқаптарын әртараптандыру бойынша жұмыс күшейтіледі - рентабельді дақылдарға көшеді және ылғалды көп қажет ететін дақылдарды азайтады;
су үнемдеу технологиялары қолданылатын суармалы жерлердің ауданын жылына 150 мың гектарға дейін ұлғайту жөніндегі жұмысты күшейтеді. Ол үшін суармалы техниканы қаржыландырудың арнайы бағдарламасы әзірленеді;
машина-трактор паркін жаңарту мақсатында "Жасыл Даму" қаражатынан отандық ауыл шаруашылығы техникасын лизингке сатып алуға 20 млрд теңге бөлінді. Тағы 20 млрд теңге жем-шөп дайындау техникасы мен ұтқыр суару жүйелерін қаржыландыруға жұмсалады;
ауыл шаруашылығы министрлігі тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібін дамыту бойынша жеке кешенді жоспар әзірлейді. Оның шеңберінде жұмыс істеп тұрған қайта өңдеу өндірістері жаңғыртылады және жаңадан қайта өңдеу өндірістерін құрады.
"ҚазАгроҚаржы" АҚ арқылы ауыл шаруашылығы техникасының жеңілдетілген лизингінің жыл сайынғы көлемі 170 млрд теңгені құрайды. Министрлік жеңілдетілген лизинг және ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуды субсидиялау мақсатында қаржыландыруды ұлғайту жұмыстарын жүргізуде.
Айдарбек Сапаров Қазақстанның фермерлер қауымдастығы АӨК саласындағы ең ірі қоғамдық бірлестіктердің бірі екенін атап өтті.
Ол 60 мыңнан астам ұсақ, орта және ірі тауар өндірушілердің мүддесін қорғайды.
Жаңалықтар
0