ЕАЭО: бірлескен кооперациялық жобаларға қаржылай көмек көрсетіледі

© Photo : Пресс-служба акима Алматы Зауыттағы адамдар
Зауыттағы адамдар - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.11.2023
Жазылу
Қаржылай көмектің жаңа тетігін 2024 жылы іске қосу жоспарланған
АЛМАТЫ, 3 қараша – Sputnik. Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысында ЕАЭО елдері үкіметтерінің басшылары өнеркәсіп салаларында бірлескен кооперациялық жобаларды іріктеу және оларды іске асыру кезінде қаржылық көмек көрсету туралы ережені бекітті.
Бұл туралы Қазақстан сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Құжат іріктеу тәртібі мен критерийлерін қарастырады.
Ережеге сәйкес, банктер кооперациялық жобаларды іске асыруға беретін кредиттер мен қарыздар бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау жолымен қаржыландырады.
ЕАЭО кәсіпорындары үшін мұндай тетік "жеңілдікті кредиттеу бағдарламасына" айналады.
Жобаларды таңдау критерийлері бірнеше негізгі шарт арқылы жүзеге асады. Олардың бірі – үш немесе одан да көп мүше мемлекеттер кәсіпорындарының қатысуы.
Сонымен қатар жоба жаңа кәсіпорын құру немесе оны жаңғырту, қосылған құн тізбегін қалыптастыру, экспортты ұлғайту, сауда немесе инвестиция көлемін ұлғайту сияқты маңызды нәтиже көрсетуі керек. Ал кәсіпкерлер оны бес жыл мерзімде іске асыруға тиіс.
Субсидияның ең жоғары сомасы бір жобаға 12 айда шамамен 2 млрд теңгені құрайды.
Іріктеу ынтымақтастықтың аса маңызды түрлеріне сүйене отырып, балдық жүйе бойынша жүргізіледі. Мысалы, материалдарды, жиынтықтаушы және жабдықтарды жеткізу үшін 100 балл, технологиялық жабдықты немесе бағдарламалық қамтамасыз етуді жеткізу үшін – 80 балл, инжинирингтік және құрылыс қызметтерін көрсету үшін – 50 балл, жобаны іске асыруға оның құнының кемінде 10 пайызы сомасына мүліктік жарна енгізу үшін – 20 балл көзделген.
Сонымен қатар қосымша ұпайлар:
4 және 5 мүше мемлекеттің шаруашылық жүргізуші субъектілерінің жобасына қатысу,
ЕАЭО кәсіпорындары үшін жаңа өнім өндіру,
жаңа жұмыс орындарын құру,
Үшінші елдерге өнім экспортын ұлғайту.
Комиссия ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің сарапшыларымен бірлесіп, жылына екі рет критерийлерге сәйкес келетін және ең көп балл жинаған кооперациялық жобалардың тізбесін жасайды.
Жобаны мақұлдау және субсидия беру туралы қорытынды шешімді комиссия кеңесі қабылдайды.
Қаржылай көмектің жаңа тетігін 2024 жылы іске қосу жоспарланған.
Жаңалықтар
0