Абай облысында мемлекеттік мекеме есепшісі сотталды

© Sputnik / Андрей Старостин / Медиабанкке өтуАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.11.2023
Жазылу
Сотталушы өз кінәсін мойындап, мемлекетке келтірілген 5 млн теңге залалды өтеген
АЛМАТЫ, 9 қараша – Sputnik. Абай облысы Бесқарағай ауданында жер қатынастары бөлімінің жүргізушісі іс жүзінде жұмыс істемейтіні анықталды, деп хабарлайды Бас прокуратура.
Аудандық прокуратура анықтаған бұл заңсыздық 2015-2023 жылдар аралығында жасалған.
"Тергеу аяқталғаннан кейін ҚК-нің 189-бабы 3-бөлігі "Қызметтік жағдайын пайдалана отырып, ірі мөлшерде сеніп тапсырылған бөтен мүлікті ұрлау" бойынша бухгалтерге қатысты қылмыстық іс сотқа жіберілді. Сот отырысы ашық түрде өтті", - дейді ведомство.
Сотталушы өз кінәсін мойындап, мемлекетке келтірілген 5 млн теңге залалды өтеген. Сот үкімімен есепші материалдық жауапты лауазымдарды атқару құқығынан 3 жыл мерзімге айырылып, 2 жылға бас бостандығынан шектелді.
Сот үкімі заңды күшіне әлі енген жоқ.
Жаңалықтар
0