Орыс тілі ұйымын құруды біз ұсынған жоқпыз, Тоқаев ойлап тапты – Ресей президенті

© Sputnik / Абзал КалиевУчебник русского языка для четвертого класса, иллюстративное фото
Учебник русского языка для четвертого класса, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.11.2023
Жазылу
Бірақ ұйымның штаб-пәтерін Сочиде орналастыруды Владимир Путин ұсынды
АЛМАТЫ, 9 қараша - Sputnik. Халықаралық орыс тілі ұйымын құру идеясын Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа ұсынды, деді Владимир Путин.
"Бұл идеяны Қасым-Жомарт Тоқаев кездесудегі іс-шаралардың бірінде ойлап тапты. Жай ғана келіп: "Менде осындай идея, ұсыныс бар" деді. Шынымды айтсам, мен үшін күтпеген жағдай болды. Бұл туралы біз айтқан жоқпыз, Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі осы идеямен келді. Бұл біз үшін жағымды ұсыныс болып қана қойған жоқ, сонымен бірге біздің ынтымақтастығымызды тәжірбиелік тұрғыдан дамыту үшін де пайдалы болды", - деді Путин.
Ресей Федерациясының президенті Бішкектегі ТМД-ның қазан айындағы саммитінде халықаралық орыс тілі ұйымын құру туралы келісімге қол қойылғанын еске салды. Путиннің айтуынша, Ресей Достастықтың басқа серіктестерімен бірге өз жұмысын тезірек іске қосу үшін барынша күш салуға ниетті.
"Біз үшін посткеңестік кеңістіктетегі орыс тілін меңгеру бұл - бәсекелестік артықшылық өзара әрекеттесу үшін қосымша жағдайлар жасайды. Өйткені мұндай мемлекетаралық қарым-қатынас тілінің болмауы, әрине, байланысқа кедергі болады", - дейді Путин.
Ол ұйымның жұмысы Тоқаевпен өткен келіссөздерде де талқыланғанын айтты.
" Біз Қазақстан президентінің Халықаралық орыс тілі ұйымын құру туралы бастамасын іске асыру барысын талқыладық", - деп нақтылады Путин.
13 қазанда Бішкекте ТМД мемлекеттерінің басшылары штаб-пәтері Сочиде болатын Халықаралық орыс тілі ұйымын құру туралы құжаттарға қол қойды. 2022 жылдың қазан айында Астанада өткен мемлекет басшылары кеңесінің отырысында президенттер бұл бастаманы тағы да қолдады. Сол кезде ұйымның тұжырымдамасы да бекітілді.
Штаб-пәтерін Сочиде орналастыруды Владимир Путин Бішкектегі ТМД мемлекеттері басшыларының саммитінде ұсынды.
Учебник русского языка - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.11.2023
Тоқаев неліктен халықаралық орыс тілі ұйымын құру туралы бастама көтерді
Жаңалықтар
0