Қазақстанда құқық бұзушылықтар туралы хабарлауға арналған Telegram бот іске қосылды

CC0 / Edar / Руки на клавиатуре, иллюстративное фото
Руки на клавиатуре, иллюстративное фото  - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.11.2023
Жазылу
Ботқа жіберілген хабарлама қылмыстық іс қозғауға негіз болмайды
АЛМАТЫ, 9 қараша - Sputnik. Қаржылық мониторинг агенттігі Telegram мессенджерінде "Афм Insider" ботын іске қосты.
Осы құрал арқылы қазақстандықтар экономикалық құқық бұзушылықтар туралы бір батырманы басу арқылы хабарлай алады. Ресми "Афм Insider" ботында бірнеше бөлімдер бойынша хабарлама қалдыруға болады.
Хабарлама қысқа мерзімде қаралады. Анонимділікке кепілдік беріледі.
"Ботқа жіберілген ақпарат хабарлама сипатында болады және қылмыстық іс немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғауға негіз болмайды", - деп нақтылады ведомстводан.
Бұған дейін қазақстандықтарға Telegram мессенджерінде азаматтарды қаржы пирамидаларына тартатын алаяқтардың әрекеттерінен қорғауға көмектесетін бот таныстырылды. Биыл жыл басынан бері 6 мыңға жуық хабарлама келіп түскен, оның тек 1 175-і тамыз айында түскен.
Жаңалықтар
0