Экс-министр Бишімбаевтың әйелінің өлімі: ІІМ атышулы істі бақылауға алды

© Sputnik / Болат ШайхиновПредварительные слушания по делу Куандыка Бишимбаева
Предварительные слушания по делу Куандыка Бишимбаева - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.11.2023
Жазылу
Астана қаласының полиция депаратаменті ресми парақшасында Салтанат Нүкенованың өлімі туралы жазба жариялады
АСТАНА, 12 қараша – Sputnik. Ішкі істер министрлігі бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың әйелі Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты істің тергеу барысын бақылауға алды.

"Астана қаласының полиция департаменті мейрамханада әйелді өлтіру фактісі бойынша тергеу Қазақстан Республикасының "кісі өлтіру" Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігі бойынша жүргізіліп жатқанын хабарлайды. Күдікті Астана қаласы полиция депаратментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Істің объективті мән-жайларын анықтауға бағытталған тергеу іс-шараларының кешені өткізіледі. Тергеу барысы ІІМ басшылығының бақылауында", — делінген полицияның Instagram парақшасында.

Полиция жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.
Еске сала кетейік, 9 қараша күні бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың елордадағы мейрамханалардың бірінде әйелін ұрып өлтіргені туралы тараған хабар қоғамды дүр сілкіндірген еді.
Кейбір БАҚ беттерінде Бишімбаевтың мас күйінде болғаны, тіпті есірткіге мас болғаны туралы хабарланды. Полиция марқұмның жедел жәрдем келгенше қайтыс болғанын айтты.
ІІМ сол күні мейрамханадағы жанжалдың салдарынан алған дене жарақаттарынан бір әйелдің қайтыс болғанын растаған еді. Алайда оқиғаға қатысты қандай да бір ақпарат берген жоқ: зардап шегушінің атын атаған жоқ.
Кейіннен ішкі істер министрлігі Астана мейрамханасындағы кісі өлімі бойынша Қуандық Бишімбаевтың ұсталғанын растады.
Министр нацэкономики РК Куандык Бишимбаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.11.2023
Бишімбаев неліктен мерзімінен бұрын бостандыққа шықты
Жаңалықтар
0