Қазақстандық оқушылар дүниежүзілік олимпиадада жүлдегер атанды

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаОқушылар. Архивтегі фото
Оқушылар. Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.11.2023
Жазылу
Сайысқа 80-нен астам мемлекеттің 6-11 сынып оқушылары қатысты
АСТАНА, 14 қараша – Sputnik. Қазақстандық оқушылар Панама қаласында өткізілген робототехника бойынша дүниежүзілік "World Robot Olympiad" олимпиадасында жүлделі орындарды иеленді, деп хабарлады Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.
Сайысқа 80-нен астам мемлекеттің 10-19 жас аралығындағы 6-11 сынып оқушылары қатысты.
Робототехника бойынша дүниежүзілік олимпиаданың қорытындысы бойынша, қазақстандық үш команда жүлдегер атанды:
2-орын (күміс) "Future Engineers" категориясында астаналық 10-сынып оқушылары Аңсар Сәуірбаев және Әмір Қарабаев;
3-орын (қола) "Robo Mission" категориясында Астана қаласының 8,9-сынып оқушылары Вагиз Дисембаев пен Жанарыс Қапаров;
3-орын (қола) "Future Engineers" категориясында Қызылорда қаласының 11-сынып оқушылары Максим Усольцев пен Дінмұхамед Әбдиев.
Дүниежүзілік роботтар олимпиадасы ең алғаш 2004 жылы Сингапурде 1-ші роботтар сайыс- фестивалі ретінде өткен болатын. Қазақстан аталған олимпиадаға 2014 жылдан бері қатысып келеді.
Мақсат – роботтарды жобалау, бағдарламалау, инженерлік ғылымдар және басқа да инновациялық білім беру технологиялары саласындағы дарынды оқушыларды анықтау және қолдау.
Жаңалықтар
0