Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты жауапкершілік күшейтілді – ІІМ

© Sputnik / Тимур БатыршинИллюстративті фото
Иллюстративті фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.11.2023
Жазылу
Осы жылдың екінші тоқсанында 7 мың адам жауапкершілікке тартылса, үшінші тоқсанда олардың саны 27 мыңға жетті
АСТАНА, 14 қараша – Sputnik. Ішкі істер министрлігі тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жазаның қалай күшейтілгенін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Polisia.kz порталына сілтеме жасап.
1 шілдеден бастап полиция арыз-шағымсыз әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғай алады. Ол үшін куәгерлер мен көршілердің айғақтары, бейнебақылау камералары мен бейнетіркеу құралдарының жазбалары жеткілікті. Ал сот тиісті шешім шығарады.
Бұдан бөлек, заңға бірнеше маңызды өзгеріс енгізілді. Олар:
татуластыру мүмкіндігі алынып тасталады (1 шілдеден бастап сотта тек бір рет татуласуға болады);
тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік күшейтілді;
әкімшілік қамауға алудың нақты мерзімдері анықталды;
Қылмыстық кодекстің ауыр және ауырлығы орташа денсаулыққа зиян келтіруге байланысты жекелеген баптарына "кінәліге материалдық немесе өзге де тәуелділікте болған адамға қатысты іс-әрекет жасау" белгілері енгізілді.
"Бұл қылмыскерді оқшаулау үшін қамауға алу санкциясын қолдануға, сондай-ақ жауапкершілікті арттыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ тұрмыстық құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік күшейтілді", - дейді министрлік мамандары.
Осының нәтижесінде соңғы төрт айда (шілде-қазан) жауапқа тартылғандар саны артқан. Егер осы жылдың екінші тоқсанында 7 мың адам жауапкершілікке тартылса, үшінші тоқсанда олардың саны 27 мың адамға жетті (қазан айында – 9,5 мың). Тиісінше қамауға алынған агрессорлардың саны 2 есе өскен.
Биыл барлығы 60 мың 741 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларға қатысты 75 мың қорғаныс ұйғарымы шығарылды. Соттар құқық бұзушылардың мінез-құлқына 12 мың ерекше талап қойды.
Жалпы, заңға енгізілген өзгерістерден кейін отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтар туралы хабарламаларды тіркеу көрсеткіші 20 процентке өсті.
Жаңалықтар
0