Елорда тұрғынынан сібір жарасы анықталған жоқ - министрлік

© Sputnik / Алексей Сухоруков / Медиабанкке өтуЦентр по профилактике и борьбе со СПИДом
Центр по профилактике и борьбе со СПИДом - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.11.2023
Жазылу
АСТАНА, 16 қараша – Sputnik. Астана қаласының тұрғынынан сібір жарасы анықталған жоқ, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі.
Сібір жарасы диагнозы қойылды деген күдікке байланысты ол елорданың инфекциялық аурулар ауруханасына емдеуге жатқызылған еді.

"Профилактикалық емдеудің толық курсын өткізгеннен кейін, клиникалық көріністердің болмауына байланысты, пациенттің денсаулығының тұрақты қанағаттанарлық жағдайын ескере отырып, клиникалар сібір жарасы алдын ала диагнозын растаған жоқ", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, жетекші сарапшыларды, инфекционист дәрігерлерді, ғалымдардыалдын ала диагноздың негізсіздігін көрсеткен санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметінің мамандарын тарта отырып, осы жағдайды талдау бойынша консилиум өткізілді.
Бүгінгі таңда пациент стационардан шығарылды.
Жаңалықтар
0