Қоғам

Қазақстанда зейнетақының орташа мөлшері қанша

© Sputnik / Сергей Венявский / Медиабанкке өтуАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.11.2023
Жазылу
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2,7 трлн теңгеден астам зейнетақы төленген
АСТАНА, 16 қараша – Sputnik. Елімізде жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 121 мың теңгеге жуықтайды.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпаратынша, жыл басынан бері республикалық бюджеттен 2 трлн 755,2 млрд теңге зейнетақы төленді, оның ішінде базалық зейнетақыға – 845,2 млрд теңге, ынтымақты зейнетақыға – 1 трлн 910 млрд теңге бағытталды.
Қазір елімізде зейнеткерлер саны 2 млн 320 мың адамды құрайды.
"2023 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 120 873 теңгені құрады, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 82 980 теңге, базалық зейнетақы – 37 893 теңге", - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі зейнетақы жүйесіндегі өтілін ескере отырып, әр алушыға жеке тағайындалады.
ұл ретте 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ынтымақты жүйеде жұмыс істеген уақыты, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары төленген кезеңдер зейнетақы жүйесіндегі еңбек өтіліне қосылады.
Егер азаматтың зейнетақы жүйесіндегі өтілі 10 жыл немесе одан аз болса, сондай-ақ мүлде жоқ болса, базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60%-іне тең болса, содан кейін 10 жылдан асқан әр жыл үшін оның мөлшері 2%-ке артады. Ал егер сіздің өтіліңіз 20 жыл болса, базалық зейнетақы төменгі күнкөріс деңгейінің 80%-ін құрайды. Еңбек өтілі 30 жыл немесе одан көп болса, күнкөріс деңгейінің ең жоғарғы мөлшерінде яғни 100% белгіленеді.
Егер бір ай ішінде міндетті зейнетақы жарналары Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына бірнеше рет аударылса, жинақтаушы жүйеге қатысу мерзімі бір айды құрайды.
Осылайша міндетті зейнетақы жарналары неғұрлым тұрақты және толық көлемде аударылса, зейнет жасына жеткенде базалық зейнетақы төлемдерінің мөлшері соғұрлым көп болады.
Азаматтың жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшері 1998 жылғы 1 қаңтардағы жұмыс өтіліне (кем дегенде 6 ай қажет) және зейнеткерлікке дейінгі кезеңдегі орташа айлық табысына байланысты болады, деп түсіндірді министрлік.
Әмиян - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.11.2023
Келесі жылы индекстелген зейнетақы мен жәрдемақы төлеуге 5,4 трлн теңге бөлінеді
Жаңалықтар
0