Балаева Санкт-Петербургте зиялы қауыммен кездесті

© Photo : Пресс-служба министерства культуры и информации Казахстана Аида Балаева Санкт-Петербургте зиялы қауыммен кездесті
Аида Балаева Санкт-Петербургте зиялы қауыммен кездесті - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.11.2023
Жазылу
Аида Балаева Санкт-Петербургте зиялы қауыммен кездесті
АСТАНА, 17 қараша – Sputnik. Санкт-Петербургте Қазақстанның мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мен шығармашылық зиялы қауымның кездесуі өтті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Ресейдің Санкт-Петербург қаласында 16-18 қарашада аралығына жоспарланған IX Халықаралық мәдени форум өтіп жатыр. Онда 70-тен астам елдің делегациясы мәдениет пен өнер саласындағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылайды.
"Форум аясында мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева өмірі мен шығармашылығы Қазақстанмен тікелей байланысты қазақстандық және ресейлік мәдениет және өнер қайраткерлерімен кездесу өткізді", - деп жазылған министрліктің хабарламасында.
Шараға музыканттар, әншілер, режиссерлер, актерлар, әдебиет қайраткерлері, мүсіншілер мен суретшілер қатысты.
Жиын басында Балаева әнші Әлия Кикеноваға "Шапағат" медалін табыс етті.
© Photo : Пресс-служба министерства культуры и информации Казахстана Балаева әнші Әлия Кикеноваға "Шапағат" медалін табыс етті
Аида Балаева встретилась с творческой интеллигенцией в Санкт-Петербурге - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.11.2023
Балаева әнші Әлия Кикеноваға "Шапағат" медалін табыс етті
"Мен үшін бұл жоғары марапатты алу өте маңызды. Мен әрқашан және барлық жерде қазақ мәдениетін насихаттауға тырысамын. Бұл мені ынталандырады", - деді Кикенова.
Кездесу барысында мәдениетті дамыту, мамандардың біліктілігін арттыру және мәдениет қайраткерлерін қолдау мәселелері талқыланды.
Мәдениет қайраткерлері Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігімен түрлі форматтағы ынтымақтастық перспективаларына үлкен қызығушылық танытты.
© Photo : Пресс-служба министерства культуры и информации Казахстана Аида Балаева Санкт-Петербургте зиялы қауыммен кездесті
Аида Балаева встретилась с творческой интеллигенцией в Санкт-Петербурге - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.11.2023
Аида Балаева Санкт-Петербургте зиялы қауыммен кездесті
Кездесу барысында Балаева Ресейде тұратын қандастарымыздың қазақ сахнасында өнер көрсетуіне және олардың шығармаларын қазақ оқырмандары мен өнер жанашырларының арасында кеңінен насихаттауға мүмкіндік туғызуға көмектесуге дайын екенін жеткізді.
Ол суретшілер мен мүсіншілердің шеберлік сабақтарын, семинарларын, көрмелерін өткізу жобаларына ерекше көңіл бөлді.
Жаңалықтар
0