Түркия қағаз шығаратын зауыт пен Қазақстандағы ең үлкен жылыжай кешенін салады

© SputnikЖылыжай, архивтегі фото
Жылыжай, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.11.2023
Жазылу
Жобаларды жүзеге асыру барысында 5 мыңнан астам жұмыс орны ашылады
АСТАНА, 20 қараша – Sputnik. Түрік инвесторлары Қазақстанда "крафт-ролл" қағазын шығаратын зауыт пен елдегі ең үлкен жылыжай кешенін салады, деп хабарлады Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Қала әкімінің орынбасары Айдын Кәрімов екі шетелдік компаниямен жалпы сомасы 662 млн доллар болатын меморандумға қол қойды.
"Түркияның ірі компаниясы "Alarko Holding" қала аумағында жаңа форматтағы жылыжай кешенін салады. 650 млн долларға жүзеге асырылатын инвестициялық жоба кезең-кезеңмен жалпы 500 га аумақта 5 мың жаңа жұмыс орнын құрып, жаңа технологияларды енгізу арқылы азық-түлік қауіпсіздігі мен жылыжай бизнесін дамытуға ықпал етеді", - деп жазылған хабарламада.
Екінші меморандум бойынша "IŞIKLAR PACKAGING Ltd." компаниясы "крафт-ролл" қағазын шығаратын зауыт салады. Жобаның құны 12 миллион АҚШ долларын құрайды.
Екі жоба да тұрақты өңірлік өсуге, инвестициялар тартып, қала экономикасының дамуына және халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді.
Жаңалықтар
0