Тұман, көктайғақ: 23 қарашада ауа райы қандай болады

© Sputnik / Владислав ВодневГололед, прохожий, пешеход
Гололед, прохожий, пешеход - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.11.2023
Жазылу
Республика бойынша тұман болады, көктайғақ, солтүстік-батыста жел күшейеді
АСТАНА, 22 қараша - Sputnik. Синоптиктер 23 қарашадағы ауа райын болжады.
Қазгидрометтің хабарлауынша, елдің басым бөлігіне Оңтүстік-Каспий циклоны және онымен байланысты атмосфералық фронт әсерінен жауын-шашын болады.
Солтүстік-батыста, оңтүстік-батыста, Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда жаңбыр, қар түріндегі қатты жауын-шашын түседі. Республика бойынша тұман болады, көктайғақ, солтүстік-батыста жел күшейеді.
Қостанай облысының оңтүстігінде, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, батысында, Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында, Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, Түркістан облысының тау асуларында жел 23-28 м/с, кейде екпіні 30 м/с және одан да көп болады деп күтілуде.
Жаңалықтар
0