Қазақстанға 500 мың доза қызылшаға қарсы вакцина жеткізілді

© AFP 2024 / THOMAS KIENZLEШприцы с вакциной от коронавируса
Шприцы с вакциной от коронавируса  - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.11.2023
Жазылу
Министрлік 6 қарашадан бастап қызылшаға қарсы қосымша жаппай иммундауды бастады
АСТАНА, 23 қараша - Sputnik. Алматыға қосымша жаппай иммундау жүргізу үшін 500 мың доза мөлшерінде қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы вакцина партиясы келді, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі.
Қазақстанда қызылшамен сырқаттанушылық бойынша эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру үшін шұғыл шаралар қабылданғанын естеріңізге сала кетейік. Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер балаларға қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы қосымша жаппай иммундау жүргізу жөніндегі қаулыға қол қойды.
Қосымша жаппай иммундау жүргізу үшін ҚҚП-ға қарсы вакцинаның 1,5 млн.астам дозасы сатып алынды.
Келген вакциналар ел өңірлеріне жіберілетін болады.
"Вакцинациялау үшін "Serum Institute of India" шығарған қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы аралас вакцина қолданылады. Бұл вакцинаны өндіруде өндірілетін вакциналардың сапасы мен қауіпсіздігіне кепілдік беретін ДДҰ алдын ала біліктілігі бар. Қызылшаға қарсы вакцина 60 жыл бойы қолданылып келеді және аурудың таралуын тоқтату үшін ұсынылады", - делінген хабарламада.
Денсаулық сақтау министрлігі ел халқының арасында қызылшамен сырқаттанушылықтың одан әрі таралуының алдын алу мақсатында 6 қарашадан бастап қызылшаға қарсы қосымша жаппай иммундауды бастады.
Бірінші кезекте 6 айдан 11 айға дейінгі балалар иммундауға жатады. Желтоқсаннан бастап егу мәртебесіне қарамастан 2 жастан 5 жасқа дейінгі балаларды, медицина қызметкерлерін (55 жасқа дейін), сондай-ақ профилактикалық егуді өткізіп алған 18 жасқа дейінгі адамдарды қызылшаға қарсы қосымша иммундау жоспарлануда.
Қызылшаға қарсы профилактикалық егу күнтізбесіне сәйкес біздің елде жоспарлы түрде екі рет егілетінін: бала алғашқы егуді 12-15 айлығында, екіншісін - 6 жасында алатынын естеріңізге сала кетейік.
Жаңалықтар
0