Тараздық оқушы тұрмыстық зомбылыққа қарсы қосымша ойлап тапты

© Sputnik / Тимур БатыршинБеременная девушка в маске, архивное фото
Беременная девушка в маске, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.11.2023
Жазылу
АСТАНА, 23 қараша - Sputnik. Таразда 10-сынып оқушысы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы қосымша жасап шықты, деп хабарлайды "Хабар 24".
Нұрболат Ізтілеу "Төзбе" деп аталатын туындысын 1 жыл бойы дайындағанын айтады. Жас ғалым бұған дейін елімізде мұндай мобильді қосымшаның баламасы болмаған дейді. Жасанды интелектіге негізделген жоба зардап шеккен адамға психологиялық және заңгерлік көмек беріп, құқық қорғау органдарымен байланыстыра алады. Жобада Қазақстанның заңбұзушылық картасы енгізілген.
Мектеп оқушысының жаңалығына аймақтағы құқық қорғаушылар қызығушылық танытып отыр. Бірге құқықбұзушылықтың алдын алу үшін полицейлер жобаны жетілдірсек дейді.
"Зерттеу барысында біз көптеген сауалнама жасадық. Көптеген әйел мен ер адамның тұрмыстық құқықбұзушылыққа ұшыраған кезде не істеу керек екенін білмейтініне көз жеткіздік. Дәл осы себептермен біз картаға дағдарыс орталықтарын енгіздік. Батырманы басқан кезде әр облыстың дағдарыс орталығы шығатын болады", - дейді Нұрболат Ізтілеу.
Облыстық ПД бастығының бірінші орынбасары Құрмет Мажікеновтың айтуынша, полиция қызметкерлерін осы балалардың тобына қосылып, бірлесіп жұмыс істеген.
"Тағы да басқа көп көмектер керек болса, басқа құқық саласынан ол жағынан да жұмыс жүргіземіз. Оң бағасын тауып, лицензиясын алып жатқан жағдайда біз осы пилоттық жоба жоба ретінде Жамбыл облысында оны енгізуге дайынбыз", - дейді ол.
Жаңалықтар
0