Алматыда мектеп бухгалтері 46 млн теңге жымқырды

© Sputnik / Абзал КалиевЧеловек считает купюры
Человек считает купюры - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.11.2023
Жазылу
Қазіргі күні Бостандық ауданының прокуратурасы сотқа дейінгі тергеуді бастады
АЛМАТЫ, 24 қараша – Sputnik. Алматыда мектеп бухгалтері 46 млн теңгеден астам сомадағы бюджет қаражатын жымқырды, деп хабарлайды Алматы қаласының прокуратурасы.
"Мектептің бас бухгалтері бір жыл бойы штаттық кестедегі еңбекақыдан көп жалақыны өзінің жеке шоттарына заңсыз аударып келген. Ол өз кінәсін толық мойындады", - дейді ведомстводағылар.
Қазіргі күні Бостандық ауданының прокуратурасы сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Бухгалтердің кінәсі толық дәлелденсе 7 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін. Оған Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы "Сеніп тапсырылған мүлікті иемдену және ысырап ету" бойынша айыпты адам материалдық-жауапты лауазымдарды атқару құқығынан 5 жылға және бас бостандығынан 7 жылға айыру жазасы қарастырылған.
Жаңалықтар
0