"Digital Abai" фестивалінде үздік цифрлық технологиялар таныстырылды

© Photo : CRRF | Anti dreamПрибор "Антисон" IT-компании КСОР
Прибор Антисон IT-компании КСОР  - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.11.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 26 қараша - Sputnik. Абай облысында оқушылар мен студенттер арасында "Steam fest "Digital Abai" IT-фестивалі өтті, деп хабарлайды облыстық әкімдік.
Фестивальде IT саласындағы үздік инновациялық жобалар мен цифрлық технологиялар таныстырылды. Жалпы бұл шараның мақсаты - ұрпақты ғылыми-техникалық шығармашылыққа баулу, оқушылар, студенттер мен педагогтердің үздік IT-шешімдерін анықтау, қолдау және тарату. Сондай-ақ жаңа инновациялық технологияларды ұсынып, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру.
"Startup жобалар" бағыты бойынша облыс әкімі грантына үміткер 13 қатысушы жобалары ұсынылды. Фестивальда 8 сектор бойынша 90-ға жуық Startup жобалар таныстырылды.
Фестиваль аясында 20 қатысушы 1-орын, 19 қатысушы 2-орын, 18 қатысушы 3-орын иеленсе, арнайы кубокты Семей қаласы, Жарма, Үржар аудандары командалары жеңіп алды.
Айта кетейік, алғаш ұйымдастырылған "Digital Abai" IT-фестиваліне облыс бойынша 2000-ға жуық адам қатысты.
Жаңалықтар
0