Қазақстан мен Қытай арасындағы жүк тасымалы бойынша жоспар мерзімінен бұрын орындалды

© Photo : Пресс-служба АО "НК "Қазақстан темір жолы"Грузовые поезда
Грузовые поезда  - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.11.2023
Жазылу
Қазақстан мен Қытай арасындағы жүк тасымалы бойынша 2023 жылға арналған теміржол ынтымақтастығын ұйымдастыру жоспары 26,1 миллион тоннаға келісілді
АСТАНА, 26 қараша - Sputnik. Достық-Алашанькоу шекаралық теміржол өткелі арқылы ҚХР-ға 2023 жылға жоспарланған соңғы 16 пойыз жөнелтілді, деп хабарлады "Қазақстан темір жолы"ҰК" АҚ баспасөз қызметі.
"Қазақстан мен ҚХР теміржолшыларының үйлесімді әрі, тиімді бірлескен қызметінің арқасында темір жол ынтымақтастығы ұйымының (ТЖЫҰ) кеңесінде келісілген жылдық жоспар 11 айда орындалды", - деді ұлттық компания.
ҚТЖ баспасөз қызметінің мәліметінше, Достық станциясы арқылы Қытай Халық Республикасына 14,4 миллион тоннадан астам жүк жіберілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 16,4%-ке жоғары.
Биылғы қаңтар-қазанда Қазақстан Республикасы мен Қытай теміржолдары арасында жүк тасымалы 23,6 миллион тоннаға жетті.
Қытайдан жүктерді қабылдау 8%-ке, яғни 9,1 миллион тоннаға дейін, ал жүктерді жөнелту 32%-ке дейін жетті. Бұл 14,5 миллион тонна.
Алтынкөл станциясы арқылы жүктерді тапсыру 53%-ке өсіп, 4,8 миллион тонна болды. Ал қабылдау 14%, яғни, 5,4 миллион тоннаға дейін өсті.
Қазақстан мен Қытай арасындағы жүктерді тасымалдау бойынша 2023 жылға арналған теміржол ынтымақтастығын ұйымдастыру жоспары 26,1 миллион тонна көлемінде келісілді.
Жаңалықтар
0