Каспий суының тартылу мәселесі талқыланды

© SputnikСуы тартылып қалған Каспий
Суы тартылып қалған Каспий - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.11.2023
Жазылу
Су деңгейін бақылап, Каспий экожүйесін зерттеумен айналысатын институт құрылып жатыр
АСТАНА, 28 қараша – Sputnik. Су ресурстары және ирригация министрлігіндегі аппарат кеңесінде Каспийде су деңгейінің төмендеу мәселесі және бұл бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстар талқыланды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Вице-министр Болат Бекнияз су деңгейінің ең төменгі көрсеткіші 1970 жылдардың ортасында тіркелгенін, ал төмендеу көбінесе циклдік сипатта болатынын айтты.
Ол Каспий теңізінің ғылыми-зерттеу институтын құру барысы туралы да айтып берді. Институт су деңгейін бақылап, Каспий экожүйесін зерттеумен айналысады, сондай-ақ Каспий жағалауындағы өзге мемлекеттермен бірлесіп жұмыс істейді.
"Халықаралық ынтымақтастық Каспий теңізінің ортасын қорғау жөніндегі негіздемелік конвенцияға сәйкес өтеді. Сондай-ақ Каспий аумағы елдері арасында ғылыми зерттеулер бойынша келісім дайындалып жатыр", - деп жазылған хабарламада.
Қазіргі уақытта институт құру туралы қаулы жобасы дайындалып жатыр, сондай-ақ республикалық бюджеттік комиссиясының қарауына шығарылатын қаржы-экономикалық негіздеме әзірленуде.
Министр Нұржан Нұржігітов барлық қажетті құжатты дайындауды жеделдетуді тапсырды.
"Мәселе күрделі, сондықтан құрылып жатқан ғылыми-зерттеу институтынан Қазақстан үшін ғана емес, Каспий жағалауындағы басқа мемлекеттер үшін де өзекті мәселелерді зерттеу бойынша кешенді жұмыс талап етіледі", - деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.
Оның пікірінше, жаңадан құрылған халықаралық ынтымақтастық, су саясаты және ғылым мен инновация департаменттері қордаланған мәселелерді шешу жолдарын табу үшін бір-бірімен тығыз жұмыс істеуі керек.
Жаңалықтар
0