Қоғам

Омбудсмен қақпағы ашық кәріз құдықтары үшін әкімдерді жазалауға шақырды

© Photo : Астана Су АрнасыАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.12.2023
Жазылу
Балалар омбудсмені тексеріс жүргізіп, инфрақұрылымның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапты лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тартуды талап етті
АСТАНА, 4 желтоқсан – Sputnik. Балалар омбудсмені Динара Зәкиева балалардың өліміне әкеп соққан салғырттық үшін шенеуніктерді жазалауға шақырды.
"Екі апта ішінде Қызылорда мен Түркістан облысында екі бала кәріз құдығына құлап көз жұмды. Екі жағдайда да кәріз құдықтары әкімдіктерге тиесілі", - деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.
Зәкиеваның пікірінше, тексеріс жүргізіп, балалардың өліміне әкелген салғырттық және инфрақұрылымның қауіпсіздігін қамтамасыз етпегені үшін кінәлі лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту қажет.
"Сондай-ақ осы салаға жетекшілік ететін жергілікті атқарушы органдардың басшыларын, осы аудандардың әкімдерін жауапқа тарту қажет деп санаймын", - деп мәлімдеді омбудсмен.
Ол тиісті үндеу өкілетті органдарға жолданатынын атап өтті.
Зәкиева тамыз айында балалар омбудсмені кеңесі мемлекеттік органдармен бірлесіп инфрақұрылым қауіпсіздігін қамтамасыз ету, атап айтқанда қақпағы ашық кәріз құдықтары бойынша шаралар қабылдау мәселесін көтергенін еске салды.
Сол кезде вице-премьер барлық өңірде рейд жүргізуді тапсырған.
Естеріңізге сала кетейік, өткен демалыста Түркістан облысында жоғалып кеткен 4 жасар баланың мәйіті табылды. Далаға ойнауға шыққан бүлдіршін кәріз құдығына құлап кеткен.
Мигалки на полицейской машине  - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.12.2023
Түркістан облысында жоғалған төрт жасар баланың денесі табылды
Жаңалықтар
0