Қазақстанның машина жасаушылары жыл басынан бері 3,3 трлн теңгеге өнім өндірді

© Photo : пресс-служба ассоциации Railways Systems KZЖелезнодорожное машиностроение Казахстана
Железнодорожное машиностроение Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.12.2023
Жазылу
Машина жасау – 37 тармақты қамтитын және экономиканың барлық дерлік салаларын жабдықтармен қамтамасыз ететін ең жоғары технологиялы сала
АСТАНА, 6 желтоқсан - Sputnik. Премьер-министр Әлихан Смайылов Қазақстан машина жасаушылар одағының басшысы Мейрам Пішембаевпен саланы дамытудың алдағы 5 жылға арналған жаңа Кешенді жоспарын жүзеге асыру барысын талқылады, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.
"Әлихан Смайылов машина жасау саласындағы өндірістің өсу қарқынына оң баға бере отырып, қабылданған құжаттың маңыздылығын атап өтті", - делінген хабарламада.
2022 жылдың қорытындысы бойынша еліміздің машина жасау саласындағы өндірістің физикалық көлемі 11%-ға өссе, 2023 жылдың 10 айында 27%-ға өсім көрсетті. 2023 жылдың қаңтар-қазан айлары аралығында 3,3 трлн теңгеге өнім өндірілді.
Смайыловтың айтуынша, кешенді жоспарды жүзеге асыру машина жасау саласын ғана емес, тұтастай алғанда еліміздің өңдеуші өнеркәсібін дамытуға ықпал етеді.
Кешенді жоспар 7 бағыт бойынша 79 іс-шарадан тұрады. Оның орындалуы 2028 жылға қарай мынадай қсімге әкеледі:
жалпы қосылған құн 4,5 есе,
нақты көлем индексі 2,2 есе,
экспорт көлемі 3 есе,
инвестиция көлемі 1,5 есеге артады.
Мейрам Пішембаев атап өткендей, кешенді жоспарды жүзеге асыру отандық машина жасауды дамытуға айтарлықтай серпін береді, өндіріс көлемін арттыруға, экспорттық мүмкіндіктерді дамытуға, сондай-ақ инвестиция тартуға және білікті кадрларды даярлау жүйесін жетілдіруге ықпал етеді.
"Кешенді жоспарды жүзеге асыру бүгінгі таңдағы басымдығымыз және міндетіміз. Белгіленген нысаналы индикаторлардың сапалы орындалуын қамтамасыз ету және отандық машина жасау саласын одан әрі жаңғырту үшін бар күш-жігерімізді саламыз", — деді Қазақстан машина жасаушылар одағының басшысы.
Машина жасау – 37 тармақты қамтитын және экономиканың барлық дерлік салаларын жабдықтармен қамтамасыз ететін ең жоғары технологиялы сала. Саладағы бір жұмыс орны шектес салаларда 8-10 жұмыс орнының пайда болуына алып келеді.
Жаңалықтар
0