Қызылша: Астанада балалар ауруханасының төсек қоры 500-ге дейін өсті

© Photo : Пресс-служба акимата Алматы Новый модульный инфекционный стационар в Алматы рассчитан на 300 коек
Новый модульный инфекционный стационар в Алматы рассчитан на 300 коек - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.12.2023
Жазылу
Реанимациялық төсек 20-ға дейін ұлғайды
АСТАНА, 7 желтоқсан – Sputnik. Астанада қызылшамен сырқаттанушылықтың 96%-ы вакцинацияланбаған балалар мен екпе статусы белгісіз ересектер арасында тіркелген. Бұл туралы коммуникациялар қызметінде өткен брифингте елорданың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әлия Рүстемова мәлімдеді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
Бүгінгі таңда қызылшаға байланысты стационарлық емдеуде 327 пациент бар, оның 248-і – бала.
Бүгінгі таңда МСАК ұйымдарында қызылшаға қарсы вакцинаның 8 600 дозасы бар, 121 мың контингентті вакцинациялау үшін Үкімет резервінен 121 000 доза жеткізіледі деп күтілуде.
"Қала әкімінің орынбасарының төрағалығымен қалалық штаб құрылды, апта сайын штаб отырысы өткізіледі. Сондай-ақ, Астана қаласы бойынша 15 мешіт бар, жұмадан кейін имамдар халық арасында ақпараттық-түсіндіру жүргізеді", - деді Рүстемова.
Балалар арасында қызылшамен сырқаттанушылықтың өсуіне байланысты №3 ауруханада төсек қоры 500 төсекке дейін, оның ішінде реанимациялық төсек 20-ға дейін ұлғайды.
Қазан айының басынан бастап Қалалық жұқпалы аурулар орталығында орташа ауыр және ауыр дәрежедегі қызылшамен ауыратын ересек пациенттерді ауруханаға жатқызу үшін 100 төсек орналастырылды, резервте тағы 100 төсек бар.
Туғанына 6 айдан 10 ай 29 күн аралығындағы сәбилерді қосымша жаппай иммундауды жүргізу үшін өзге пациенттермен байланысын болдырмау мақсатында емханаларда жеке екпе кабинеттері бөлінді. Олар жұмыс күндері сағат 8.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді.
Жаңалықтар
0