30 градус аяз: ауа райына байланысты Астана тұрғындарына ескерту жарияланды

© Sputnik / Александр КряжевМороз
Мороз - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.12.2023
Жазылу
АСТАНА, 12 желтоқсан — Sputnik. Астанада аптаның басы аяздан басталды. Алдағы күндері ауа температурасы 33 градустан төмен түседі деп болжанған. Қала тұрғындары мен қонақтарынан жарақат алу мен үсік шалу секілді қиын жағдайға ұшырамас үшін ұзақ уақыт көшеде болмауы қажет, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Қазгидромет мәліметінше, 11-13 желтоқсан күндері ауа температурасы түнде және күндіз -33 градусқа дейін төмендейді.
Осыған байланысты қауіпсіздік шараларын сақтауды ұсынды:
Дауыл туралы ескертулер жариялаған кезде алыс сапарларға шықпаңыз және жаяу жүрмеңіз
Автожолдардағы ауа райы жағдайлары мен көлік қозғалысының шектеулері туралы ақпаратты қадағалаңыз.
Қатты жел болған жағдайда жақын маңдағы ғимаратты паналау керек. Ағаштардан, ілулі тұрған құрылымдардан, электр желілерінен және билбордтардан алыс тұрыңыз.
Балаларды қараусыз қалдырмаңыз.
Қатты аяз техногендік өрттердің көбеюіне ықпал етуі мүмкін. Осыған байланысты біз жоғары қуатты электр құрылғыларын бір уақытта қосу арқылы пештерді қыздырмауға немесе электр желілеріне шамадан тыс жүктеме түсірмеу туралы кеңес берілді.
"Сондай-ақ көлік иелеріне ашық оттың көмегімен автомобильдерді жылыту қаупі туралы еске саламыз", - деп жазылған хабарламада.
Жаңалықтар
0