https://sputnik.kz/20231213/turkistan-oblysynda-qatygezdikpen-qyz-oltirgen-eks-sheneuniktin-balasy-sottaldy-40873318.html
Түркістан облысында қатыгездікпен қыз өлтірген экс-шенеуніктің баласы сотталды
Түркістан облысында қатыгездікпен қыз өлтірген экс-шенеуніктің баласы сотталды
Sputnik Қазақстан
Төрткүл ауылының 11-сынып оқушысы мен 19 жастағы ауылдасы Аружанның жартылай жалаңаш фотосын әлеуметтік желіге жариялаймыз деп миллион теңге бопсалаған 13.12.2023, Sputnik Қазақстан
2023-12-13T07:48+0500
2023-12-13T07:48+0500
2023-12-13T07:52+0500
түркістан облысы
қылмыс
https://sputnik.kz/img/785/25/7852548_0:39:1198:713_1920x0_80_0_0_e1ed06b7e9a810da3c75545d88d9a33c.jpg
АСТАНА, 13 желтоқсан – Sputnik. Түркістан облысында аса қатыгездікпен өлтірілген қыздың анасы сот үкімімен келіспейтінін жеткізді, деп хабарлайды КТК. Себебі 9-сынып оқушысы Аружан Орынбайдың өліміне кінәлілердің бірі 16 жылға сотталса, екіншісі бар болғаны бір жыл төрт айға бас бостандығы шектеліпті. Қызынан айырылған ана экс-шенеуніктің баласы әділ жазасын алған жоқ дейді.Қанды қылмыс биыл сәуір айында болған. Төрткүл ауылының 11-сынып оқушысы мен 19 жастағы ауылдасы Аружанның жартылай жалаңаш фотосын әлеуметтік желіге жариялаймыз деп миллион теңге бопсалаған. Бірақ қыз ондай қомақты ақшасы жоқ екенін айтып, екеуінің қылмыстық әрекетін туыстарына жайып салмақшы болған. Осыдан кейін екеуі 15 жастағы қызды тұншықтырып, кеудесінен екі мәрте пышақ ұрыпты. Содан соң қыздың мәйітін өз үйінің артындағы арыққа ағызып жіберген. Өз кінәсін сол күйі мойындамаған 19 жастағы жігіт 16 жылға сотталды. Ал қылмыстың қалай болғанын айтып берген бұрынғы әкімнің 17 жастағы ұлы бір жыл төрт айға сотталды. Сот шешімімен келіспеген Аружанның туыстары апелляцияға жүгінеміз деп отыр.
түркістан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/785/25/7852548_0:0:1068:800_1920x0_80_0_0_1e52e600e4c7518e3a92c7fa368c3655.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
түркістан облысы, қылмыс
Түркістан облысында қатыгездікпен қыз өлтірген экс-шенеуніктің баласы сотталды
07:48 13.12.2023 (жаңартылды: 07:52 13.12.2023) Төрткүл ауылының 11-сынып оқушысы мен 19 жастағы ауылдасы Аружанның жартылай жалаңаш фотосын әлеуметтік желіге жариялаймыз деп миллион теңге бопсалаған
АСТАНА, 13 желтоқсан – Sputnik. Түркістан облысында аса қатыгездікпен өлтірілген қыздың анасы сот үкімімен келіспейтінін жеткізді, деп хабарлайды
КТК. Себебі 9-сынып оқушысы Аружан Орынбайдың өліміне кінәлілердің бірі 16 жылға сотталса, екіншісі бар болғаны бір жыл төрт айға бас бостандығы шектеліпті. Қызынан айырылған ана экс-шенеуніктің баласы әділ жазасын алған жоқ дейді.
"Бейбарыс деген баланың қатысы бар екен. Бұл жерде Төлеп деген баланың шығарып бергені болып отыр. Бірақ шығарып берген күнде де, өлім болып отыр ғой. Сот шешімімен келіспеймін. Қалай үй қамаққа жібереді? Төлеп деген бұрынғы әкімнің баласы. Жазасын алсын деймін. Кімнің баласы болса да, қандай баласы болса да, олардың балалары тірі. Ал менің қызым енді жоқ", - дейді Аружанның анасы Динара Зілғараева.
Қанды қылмыс биыл сәуір айында болған. Төрткүл ауылының 11-сынып оқушысы мен 19 жастағы ауылдасы Аружанның жартылай жалаңаш фотосын әлеуметтік желіге жариялаймыз деп миллион теңге бопсалаған. Бірақ қыз ондай қомақты ақшасы жоқ екенін айтып, екеуінің қылмыстық әрекетін туыстарына жайып салмақшы болған.
Осыдан кейін екеуі 15 жастағы қызды тұншықтырып, кеудесінен екі мәрте пышақ ұрыпты. Содан соң қыздың мәйітін өз үйінің артындағы арыққа ағызып жіберген. Өз кінәсін сол күйі мойындамаған 19 жастағы жігіт 16 жылға сотталды. Ал қылмыстың қалай болғанын айтып берген бұрынғы әкімнің 17 жастағы ұлы бір жыл төрт айға сотталды. Сот шешімімен келіспеген Аружанның туыстары апелляцияға жүгінеміз деп отыр.