Wizz Air Abu-Dhabi әуе компаниясы Түркістанға тұрақты рейстер ашады

© Sputnik / Владислав ВодневҰшақ
Ұшақ - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.12.2023
Жазылу
Рейстерді аптасына 3 рейс жиілігімен Airbus-A321 ұшақтары орындайды деп жоспарланып отыр
АСТАНА, 13 желтоқсан – Sputnik. 16 қаңтардан бастап Wizz Air Abu – Dhabi әуе компаниясы Түркістан – Әбу-Даби бағыты бойынша тұрақты рейстерді іске қосады, деп хабарлады Қазақстан Көлік министрлігінің баспасөз қызметі.
Рейстерді аптасына 3 рейс жиілігімен Airbus-A321 үлгісіндегі әуе кемелері орындайды деп жоспарланып отыр. Атап айтқанда, аталған рейстер сейсенбі, бейсенбі, сенбі күндері жүзеге асырылады.
"Жаңа әуе бағыты бойынша рейстерді іске қосу Түркістан қаласының тұрғындарына Әбу-Даби қаласы арқылы транзитпен басқа бағыттар бойынша одан әрі ұшуға мүмкіндік береді", - деп жазылған хабарламада.
Жаңа халықаралық әуе бағытының ашылуы Қазақстан мен БАӘ арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, инвестициялық, туризм және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етпек.
Жаңалықтар
0