Ақтөбеде мектепте жасөспірім қайтыс болды

© Sputnik / Абзал КалиевПарты с разметкой для соблюдения социальной дистанции в дежурном классе
Парты с разметкой для соблюдения социальной дистанции в дежурном классе - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.12.2023
Жазылу
Сыныптастарының айтуынша, оқушы партаға соғылып, жарақат алған
АЛМАТЫ, 14 желтоқсан – Sputnik. Ақтөбеде мектепте 13 жастағы жасөспірім қайтыс болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қайғылы оқиға 27 мектепте болған.
"13 жастағы оқушысы үзіліс кезінде сынып ішінде партаға соғылып құлап, соққыдан есінен танып қалған. Мектеп тарпынан шұғыл жедел жәрдем шақырылып, бала ауруханаға жеткізілген. Ауруханадан суық хабар алынды", - деп хабарлады облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.
Қазіргі күні прокуратура мен полиция тергеу бастады.
"Ақтөбе облысы прокурорының көмекшісінің хабарлауынша, 14 желтоқсанда сағат 11.55 шамасында Ақтөбе қаласының орталық балалар ауруханасында 7-сынып оқушысының қайтыс болғаны туралы хабарлама келіп түсті. Сыныптастарының айтуынша, оқушы партаға соғылып, жарақат алған", - дейді облыстық прокуротура.
Қазіргі уақытта оқиға болған жерде полиция басқармасының жедел-тергеу тобы мен Ақтөбе қаласының прокуроры жұмыс істеп жатыр.
ҚК-нің 141-бабы 2-бөлігі "Балалардың өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттердi тиісінше орындамау" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды..
Жаңалықтар
0