Алматы полицейлері күшейтілген режимге көшті

© Sputnik / Абзал КалиевПолицейская форма
Полицейская форма  - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.12.2023
Жазылу
Қаладағы тәртіп пен азаматтардың амандығы полицияның қалай жұмыс істейтініне байланысты
АЛМАТЫ, 15 желтоқсан - Sputnik. Алматы полициясы мереке қарсаңында күшейтілген жұмыс режиміне өтті, деп хабарлайды Polisia.kz.
Тәуелсіздік күнін мерекелеу кезінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, қылмыстардың, сондай-ақ басқа да заңсыз әрекеттердің дер кезінде алдын алу мақсатында Алматы полициясы күшейтілген қызмет түріне көшірілді.
"Қаладағы тәртіп пен азаматтардың амандығы полицияның қалай жұмыс істейтініне байланысты. Тәртіп сақшыларының қоғаммен тығыз байланыста болуы өте маңызды. Ал материалдық-техникалық база мен мемлекеттік әлеуметтік қолдау олардың оқиғалардан қалыспай, қылмысқа қарсы тұруына мүмкіндік береді", – деді Алматы қалалық полиция департаментінің бастығы Арыстанғани Заппаров.
Жаңалықтар
0