Шымкентте көп қабатты үйден өрт шықты

© Sputnik / Владимир Федоренко / Медиабанкке өтуАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.12.2023
Жазылу
АСТАНА, 18 желтоқсан – Sputnik. Шымкентте көп қабатты үйдегі өртке байланысты 50-ден астам адам өз бетінше эвакуацияланды.
Шымкент тұрғындары оқиға орнында түсірілген видеоны әлеуметтік желіде таратқан.
Шымкент қалалық Төтенше жағдайлар департаменті өрттің Тұран ауданында болғанын хабарлады, деп жазды "Отырар".
Сағат 14:10-да өрт туралы хабар түсті.
"Тұрғын үйдің 10-қабатында 17 шаршы метр аумақта ас үй мен лоджия өртенді. Өрт 14:48-де сөндірілді. Екі адам баспалдақ арқылы құтқарылды, 50 адам баспалдақпен өз бетінше эвакуацияланды. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр", - деп хабарлады Шымкент қалалық ТЖД.
Жаңалықтар
0